• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖАСТАРМЕН «BIR TOLQYNDA»

Автор:admin

Май 19, 2023
Spread the love

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «BIR TOLQYNDA» пікірталас алаңында студент жастармен кездесу өтті.
«BIR TOLQYNDA» өткен кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ерлан Айтбаев қатысты.
Мамандық таңдау кезінде ата-ананың рөлі басымырақ түсіп жататыны бесенеден белгілі. Қазір ата-аналар көбінесе экономистік және заңгерлік мамандықтарды балаларына тықпалай береді. Ол баланың сол мамандық иесі болу құлқы бар ма, жоқ па онымен санаспайтын да болғанбыз. Кейде оқушылардан қандай оқу орнын таңдадыңыз деп сұрай қалсаңыз»мамам дәрігер боласың деді» деген жауапты аласыз. Бала өз таңдауымен сүйіп келген мамандығы болмаған соң, ол да кеттім-бардым оқып, әйтеуір бітіріп шығады. Дипломды ата-анасына әкеліп береді. Содан кейін ата-ана жүгіріп жүріп ол баланы мамандыққа мүлде жарасы жуыспайтын жұмысқа орналастырады.
Мамандық таңдауда жіберілетін қателер:
— Беделді кәсіптердің жетегінде кету;
— Ата-анасы үшін мамандық таңдау;
— Мамандықты таңдауға ақпараттардың жеткіліксіздігі;
— Өзінің психологиялық ерекшелігін түсіне алмау;
— Басқалар не таңдаса, соны таңдау;
— Грант көп берілетін мамандықтарды таңдау;
— «Диплом алсам болды» деген пікірді ұстану.
Осындай қателіктер жіберілмес үшін не істеу керек?
1.Балалық шақты еске алыңыз.Бала кезіңізде сізде қандай үміт пен арман болды?
2.Өзіңізді толық зерттеңіз.
3.Жеке тұлғаның профилін жасаңыз.
4.Басқалардың сізді қалай көретінін біліп, өзіңізді жақсы түсініп алыңыз.
5. Жақын досыңыздан, отбасы мүшелерінен немесе сенімді адамнан сізді сипаттайтын 10 кілт сөз жазуды сұраңыз. Олар сіздің бағалауыңызбен сәйкес келетініне назар аударыңыз.
6. Педагог мамандығының бес негізгі бағытын белгілеңіз. Маркер немесе басқа құралмен сіз үшін ең тартымды екі бағытын таңдаңыз. Неге олар қызығушылық тудырады? Бұл бағытқа қандай өмірлік тәжірибем бар. Болашақта бұл бағытын қалай көре аламын. Олар сіздің жеке басыңыз бен құндылықтарыңызға қалай сәйкес келеді?
7.Сіздің темпераментіңізді ескеру қажет.Жұмыс стилі соған байланысты.
Еркін форматта өткен кездесуде Ерлан Айтбаев өмір жолы, еңбек тәжірибесімен бөлісе отырып, жастардың арасындағы ең өзекті болып отырғаны мәселерді, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдау керек екенін өмір жолымен байланыстыра отырып жеткізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика