Жастардың мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімдер тұрақтылығының жіті есепке алынуы болашақта ойдағыдай отбасын құрудың ең басты шарты болып белгіленіп келеді. Жастардың өзінің бойындағы мінезін білуі, болашақтағы жарының мінезінің ерекшеліктерін түсінуі, отбасылық қиындықтарға төзімділік пен ұстамдылық танытуы көп жағдайда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік туғызып отыратыны сөзсіз. Қазіргі таңда отбасылық қарым-қатынаста ерлі-зайыптылардың бір-бірінің іс-әрекеттеріне баға беруде оң көзқарас танытып, оның үстіне төзімділік пен әділдік танытуы аса маңызды жағдайлардың бірі болып табылады. Отбасындағы өмірде бір-бірінің жан-дүниесін түсіне білу, кемшіліктеріне кешіріммен қарау қасиеттері де маңызды сипатқа ие болып отыр. Қазақ халқының қанына сіңген ізеттік пен имандылық қасиеттері отбасылық қарым-қатынасты үйлесімділікке алып келіп, оның беріктігінің діңгегі болады. Қазіргі таңда отбасылық өмірде адами қасиеттерге баса назар аудару талап етілуде. Осы орайда, жауапкершілік, өзін-өзі ұстай білу, мақсаткерлік, дербестік, шешімділік, тұрақтылық, қайсарлылық, тәртіптілік пен өз сұранымын басқарудағы қабілеттілік және т.б. сияқты қасиеттерді жастардың бойына сіңірту әлеуметтік институттардың алдында тұрған басты мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Сондықтан, біздің зерттеуіміздің басты міндеттерінің бірі отбасылық өмірге психологиялық тұрғыда дайындауда этностық құндылықтарды негідеу өзекті мәселенлердің бірі болып табылады. Жастарды отбасылық өмірге этностық құндылықтар негізінде дайындауда тұлғаның басты қасиеттерін назарда ұстау қажет. Демек, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудегі нәтижесінің көрінісі, яғни, ерік-жігер сапасының дамуы. Отбасылық өмірлік берік ұстанымда, қайсарлықта, қажет кезінде жоғары азаматтықта тұлғаның ерік-жігерінің сапасы көрініс табады. Өмірдің өзі дәлелдеп отырғандай, кез-келген халықтың салт-дәстүрлерi мен ырым-тыйымдары қоғам тарихының барысында қалыптасатыны белгілі. Әрбiр қоғамдық-экономикалық формацияның даму кезеңiнде, тақырыбымыздың өзегінде бар мәселе нарық жағдайында өзiндiк салт-дәстүрлер жүйесi болды. Бұл өзiндiк салт-дәстүрлер жүйесі экономикалық қатынастардың сипатына сәйкес өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесiн қалыптастырудың маңызды құралы қызметiн атқаруы тиіс. Бұл жүйелер iшкi рулық әлеуметтік қатынастарды ретке келтiрiп отырды. Бұл жағдай отбасылық қарым-қатынас барысында ұжымдық рулық-тайпалық қызметті ұйымдастырудың қажеттi формасын қалыптастырып, әлеуметтiк тәжiрибенi жинақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа таратудың әдiс-тәсіліне айналып отырды. Осы рулық-тайпалық салт-дәстүрлер мiнез-құлықтың орныққан өлшемдерінің, көрсеткіштерінің және тәртiптерiнің деңгейін анықтап, оны тарату қажеттiлігiн айқындаушы болып табылады. Кейбір зерттеулерде ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан этностық мәдени жетістіктерді, құндылықтарды тарихи біріктіре отырып, адамзат тіршілігінің аксиологиялық және семантикалық кеңістігін белгілеуге болады деп көрсетеді (С.Қ. Бердібаев, А.Ж. Аяғанова). Әрбір этностың этномәдени құндылықтары ұлан-ғайыр шексіз болып табылады. Бұл этномәдени құндылықтар әртүрлі сипат пен мағыналар бере отырып, тұлға мен этностық әлем көрінісін құруда ерекше авторлық формадағы ұлттық мәдени жағдайды шоғырландырылады. Осы шоғырландырулар арқылы жастардың отбасылық өмір туралы алғашқы білімдерін тереңдетіп, оны негіздеу басты, әрі маңызды мәселелердің бірі ретінде алға шығады. Жастар отбасындағы қиындықтарға төтеп беруде жігерсіздік танытып, жауапкершілікті аз сезіне отырып, қоғамның бір бөлшегі ретіндегі отбасылық өмірге ат үсті қарап, әртүрлі тағдыр тәлкегіне қалып отырғаны жанға батады. Қазақ халқы еш уақытта жесірі мен жетімін жылатпаған. Қанымызға сіңген балажандылық, қонақжайлылық пен толеранттылық қасиетіміз сұйылып келе жатқан сыңайлы. Сондықтан нарық жағдайының заманында жастарды отбасылық өмірге этностық құндылықтар негізінде дайындау өзінің өзектілігін туындатады. Бүгінгі күні отбасылық өмірдегі болып жатқан келеңсіз әрекеттер қоғамның басты мәселелерінің бірі болып отыр. Жастардың отбасылық өмірдегі қиындықтарға төтеп бере алмауының салдарынан бір-бірінің өміріне жауапсыздық танытып отырғаны белгілі. Отбасылық құндылықтар материалдық сипат алуына орай, жылылық, имандылық сияқты қасиеттер адами рухани азық екінші кезекте қалып отырған жайы бар. Сондықтан дер кезінде жастардың болашағын дұрыс құруға бағыттау мемлекеттік маңызды жағдайлардың бірі болып табылады. Себебі, отбасы шағын мемлекет. Осы шағын мемлекеттің мүшелерінен қоғам құрылады. Жастардың отбасылық қарым-қатынаста шиеленістердің туындауы оның беріктігін әлісіретеді. Себебі, отбасы мүшелерінің функциялық және рөлдік позициясында құрылымданған қиындықтардың бой көтеруі болашақ ұрпақ тәрбиесіне өзінің кері ықпалын тигізетін сөзсіз. Отбасылық тәрбиеде қазақ халқы кез–келгенді кісі деп атамай, имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар–ожданы, кісілік, кескін–келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген. Яғни, жаманы мен жақсысы, көргендісі мен көргенсізі, өнегелісі мен өнегесізі және т.б. Отбасылық өмірде ар–ұяты бар кісі ғана ақжарқын, иманжүзді, ақылды келеді. Мұндай адамдар отбасының беріктігін білегімен жасап, өз ұрпағының өміріне жауаптылығын сезінеді. Сырттан келген қанымызға тән емес әрекеттердің бой алуына жол бермейді. Этностық құндылықтар арқылы отбасылық өмірге дайындауда мінез–құлықтың әр түрлі жағымды жақтары «кісілік» ұғымының төңірегене топтасады. Жастардың отбасылық қатынастардың жай-күйін, сондай-ақ, оның өнегелік ахуалын, әлеуметтік, құрамын, демографиялық ерекшеліктерін ескеріп, жастарды оған дайындау және оған негізделген зерттеулерді жүргізу аса маңызды болып есептелінеді. Қазіргі таңда біздің ұлтымыз тарихи дамудың өзіндік жолынан өтіп, өзінің бай мұралары арқылы жалпы адамзаттық мәдени өркениетке аса зор үлесін қосуда.
R- ақпарат