• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Жастар саясатының негізгі мақсаты – жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту!

Автор:admin

Июн 2, 2022
Spread the love

Сонымен бірге елімізде ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі қолға алынған. Оған жергілікті жердің кәсіпорындары да ат салысуда. Мысалы үшін айтар болсақ, Түркістан кәсіпорындары жоғары оқу орындарын бітіретін жалғызілікті түлектерді жұмысқа орналастыруға ынта танытқан. Түркістан төрт жылдан бері «Сәтті қадам» жобасымен жоғары оқу орындарының түлектерін ірі кәсіп­­­орындарға әуелі іс-тәжірибеден өткізу жобасы қолға алынып келеді. Мәселен, «Жас Отан» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Асқар Бопылдықовтың айтуынша, өткен жылы осындай жо­баға 60 түлек қатысқан. Үш айлық іс-тәжірибеден өтуге тартылған олар­дың дені өз бетімен жұмыс тапса, 2 түлек қана жоба бойынша тұрақты жұмысқа тартылыпты. Енді биыл бұл жобаға ата-ана қамқорлығынсыз қалған түлектерді тарту көзделіп отыр. Осыған орай «Жас Отан» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалы мен үш ірі кәсіп­орын , Түркістан темір-жол бөлімшесі және «ҚазТранГаз» компаниясының өңірлік филиалы арасында мемо­рандумға қол қойылды. Түлектердің іс-тәжірибеден өтуіне ынта танытып отырған кәсіпорынның бірі — Түркістан зауыты бұған дейін де студенттерге қолдау көрсететіндердің қатарынан сана­лады. Былтыр бұл кәсіпорын 340 студентті тәжірибеден өткізіпті. Атал­ған кәсіпорынның персоналдармен жұмыс және еңбекақы төлеу басқармасының бөлім басшысы Әсел Жайлашованың айтуына қарағанда, мұнай өңдеу зауытына химиялық технологиялар мен органикалық заттар және машина құрастыру мамандықтарын меңгерген түлектер көбірек қажет етіледі. Кәсіпорын елімізде осындай мамандықтарды дайындайтын бірнеше жоғары оқу орындарымен келісімге сай студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне қол­дауын көрсетіп келеді. «Біз осы жоба арқылы жоғары оқу орнын бітірген түлектердің ірі кәсіпорындарда тәжірибеден өтіп, келешекте жұмысқа тұруына атсалысуды көздедік. Бұрын түлек­тердің ынта танытушыларын жобаға тартқан болсақ, биыл ата-ана қам­қорлығынсыз қалған түлектерге басымдық беріп отырмыз. Бүгін кәсіп­орын ынта танытып, бізбен келісімге қол қойды. Енді осы айдың соңына дейін тағы да 20-ға жуық ірі кәсіпорындармен келісімге қол қою жоспарланып отыр. Олардың арасында ірі мұнай компаниялары, мемлекеттік мекемелер бар», — деді «Жас Отан» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика