Жастар саясаты жастардың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарының бірі — еліміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуына үлес қосуға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға тәрбиелеу. «Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, жақындары, өз халқы және Отаны үшін жағдай туғызатын азаматтар болуы тиіс. Қазақстанда жастар саясатын басқару саласында әртүрлі тәсілдер қолданылды. 1991 жылы құрылған Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік комитет көп ұзамай Қазақстан Республикасының Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды. Жергілікті жерлерде барлық облыстарда, көптеген қалалар мен аудандарда Жастар ісі жөніндегі комитеттер құрылды; бірқатар жерлерде олар басқа мемлекеттік құрылымдармен біріктірілді немесе әкімшілік құрамына кірді. Жас кезде адам қызба келгенімен, жастық жалынының арқасында ертеңгі ғұмырына үлгі боларлық істер атқарып жатады. Әйтсе де, қызуқандылықты салқын ақылға жеңдіргеннен ешкім ешқашан ұтылмасы анық. Әсіресе, теңіздей терең саяси өмірде жас адамның бойына ең бірінші керегі – ұстамдылық. Болашағынан үміт күткен ел, ең алдымен қоғамдағы жастар мәселесіне көңіл бөледі. Қазақстанда да жастар саясаты бар екені және қоғамның дамуына белгілі бір дәрежеде үлес қосып келе жатқаны шындық. Арнайы жобалар дәл осы біздей жастардың саяси белсенділіктеріміздің арттуына арналған. Жастар саясаты осы бағыттарға сәйкес қалыптастырылуы орынды. Жастардың басым көпшілігі тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген. Сондықтан жастардың саяси белсенді болғаны маңызды. Ал қазіргі таңда жастардың басым көпшілігі саяси белсенді емес. Мұндай саяси мінез жастардың мүлдем саясатқа қызығушылығының жоқ екенін білдірмейді. Жастар әлеуметтік желіде, тұрмыстық деңгейде саяси белсенді. Саясаттан тыс, адам қызметінің басқа да салаларында оқитыны, жұмыс істейтін жастарда кəсіби қызметте, қоғамдық өмірде азаматтық белсенділік танытулары үшін олар мемлекет саясатын, өз саласындағы мемлекет саясатының басымдықтарын жақсы білуі, оларға сүйенуі керек. Саяси сауатты жастар қоғамдағы саяси үрдістерге ықпал ете алатын, əсіресе мемлекетті басқаруға, басқару органдары ісіне қоғамдық көмек беруге дайын болады. Немесе өз қызмет саласында мемлекеттік саясат ұстанымдарын жүзеге асыруға саналы түрде кіріседі. Саяси сауаттылық жастардың саяси сезімдерін тəрбиелейді. Қоғамдағы саяси оқиғалар мен процестерді дұрыс қабылдауға, өзі іс-əрекетінде басшылыққа алуға, қоғамға теріс саяси- идеологиялық əсерлерге берілмеуге иммунитетті қалыптастырады. Сонда ғана жастарымыз тəуелсіз Қазақстанның саяси құндылықтарын қорғауға даяр болады.Елімізде жүргізіліп отырған жастар саясаты артықшылықтар мен кемшіліктерге ие. Басты артықшылық – мемлекет жастарға көңіл бөлуде. Бұл бағытта іс-шаралар жүргізіліп келеді. Басты іс-шара жастар саясаты саласының құқықтық институциялануы болып табылады. Яғни жастар саясатын жүзеге асыру үшін мемлекеттік деңгейде нормативті база қалыптастыру маңызды. Бірақ осы мәселеде мынадай кемшілік көрінуде: жастар саясаты бағытында түрлі бағдарламалар қабылданғанымен, оларды жүзеге асыруда олқылықтар жіберілуде. Жастар саясаты жастарды саяси құрал ретінде емес, олардың негізгі мәселелерін шешуге бағытталуы керек. Жастарды тұрғын үй, жұмыспен қамту, өмірде өз орнын табу және өзін-өзі дамыту мәселелері толғандырады.
R-ақпарат