• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЖАСТАР — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ БЕЙНЕСІ

Автор:admin

Май 26, 2023
Spread the love

Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Есірткіге жол жоқ” тақырыбында М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледж студенттерінің қатысуымен кездесу өтті.
Тұрмыстағы зорлық зомбылық, өзге кереғар діни ағымдардан сақтану, құқық бұзушылық жәнк ерте жүктіліктің алдын алу бағытында өткен кездесуге Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты Әлеуметтік қорғау мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Бахтияр Салиев, «Бақытты жанұя» орталығының психологы Назерке Бегалиева, Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция аға инспекторы полиция майоры Хабйбулла Юсупов және Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінің қызметкері Ерғали Қарымбек қатысты.
Адамзат баласы өткен ғасырдағы қырғи-қабақ соғыс кезеңінің қорқыныштарын басынан кешіріп, енді тыныштық заманға қол созып отырғанда, тағы да жаңа бүкіләлемдік мәселемен бетпе-бет келді. Енді қазіргі әлемнің алдындағы өзекті мәселелер халықаралық экстремизм мен терроризмнің және соның ішінде діни-саяси экстремизм, ислам фундаментализмі, уаххабизм және т.б. түрлі қауіп-қатерлер болып табылады.
Қазіргі таңда біздің елдегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті діни идеологиялардың таралуы болып отыр. Ең алдымен «деструктивті» ұғымына талдау жасай кетсек, терминдік мағынасы бойынша бұл сөз латын тілінен «destructio», яғни «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді. Деструктивті діни ағымдар азаматтардың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар.
Деструктивті діни ағымдар негізінен материалдық тұрғыда шегіне жеткен, бірақ рухани тұрғыдан әлсіреген қоғамынан шығуда. Олардың пайда болу шарттары да күрделі. Материалдық жағынан дамыған қоғамның әсіресе студент жастар, зиялы қауым өкілдері мен өнер жұлдыздары және қарапайым көпшілік арасында теріс діни ағымдардың жаппай таралуына және етек алуына қоғамдағы әлеуметтік психологиялық мәселелер де әсер етті. Күнделікті өмірлерінен мезі болған олар, бақытты материалдық құндылықтардан емес, керісінше рухани құндылықтардан іздейді.
Кездесуде кәмелет жасына толмаған жастар арасында көптеп кездесетін жайдтар туралы айтылып, жат ағымдардан сақтанц жөнінде сөз етілді.Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық бағытында ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, есірткінің адам өміріне келтірер кері әсерлері жөнінде түсіндірілді.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі күдік тудыратын видео немесе суреттерді бөліспеуге шақырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика