Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты Жастар денсаулық орталықтарына жыл басынан бері 11163 жас көмекке жүгінген. Оның басым бөлігі 10-14 жас аралығындағы жасөспірімдер.
Айта кетейік, Жастар денсаулық орталықтарында 10-29 жас аралығында жастарға көмек көрсетіледі.
Орталыққа келушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік жағынан көмек көрсетіледі. Оның ішінде, отбасын жоспарлау, маскүнемдік пен нашақорлықтың, адамның иммун тапшылығы инфекциясының, эмоционалдық көңіл-күйлерінің, күйзелісті және құлазу жағдайларының, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі және құқықтық кеңестер беріледі. Және бастапқы медициналық-санитарлық көмек, диагностикалық-кеңес медициналық көмегі де көрсетіледі.
Жастар денсаулық орталықтарының тиімділігі 10-29 жас аралығындағы тұрғындардың психикалық-әлеуметтік және медициналық проблеммаларын анонимді және уақытылы алдын алу болып табылады.