• Сб. Фев 22nd, 2025
Популярные метки

“ЖАСТАР” БАҒДАРЛАМАСЫ: 900 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ

Автор:admin

Фев 21, 2025
Spread the love

Шымкентте “Жастар” бағдарламасының іріктеу нәтижелері жарияланды. 2024 жылдың 27-29 қараша аралығында 35 жасқа дейінгі жастарды қамтитын бағдарлама бойынша 3841 азаматтың өтінімі қабылданды. Нәтижесінде, бағдарлама талаптарына сәйкес келген 2082 өтінім конкурсқа өткізілді. Қорытындысында балл көрсеткіші жоғары 900 азаматтың өтінімі мақұлданды.
Оның ішінде 540 пәтер (60%) некеде тұрған азаматтарға берілсе, 360 пәтер (40%) некеде жоқ тұрғындар мен толық емес отбасыларына қаралды. Құжаттары конкурсқа өткен некесі бар азаматтар мен некеге тіркелмеген азаматтардың балдық көрсеткіштері екі бөлек қарастырылады.
Некеге тіркелген азаматтар бойынша жинақ балдардың (минуттық тарификацияға сәйкес барлығы емес) ең төменгі көрсеткіші — 26, ең жоғары шегі — 47 балды құрады. Некеде жоқ азаматтар мен толық емес отбасылар бойынша жинақ балдардың (минуттық тарификацияға сәйкес барлығы емес) ең төменгі көрсеткіші — 16, ең жоғары шегі — 40 балды құрады. Конкурстың нәтижесі бойынша өтінім иелерінің ұялы телефонына СМС хабарлама жолданды. Ал азаматтармен жалдау шартын жасасу бойынша қосымша хабарлама алдағы уақытта жолданатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика