• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖАС САРБАЗДАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Автор:admin

Авг 4, 2024
Spread the love

2024 жылдың 3 тамызында Ұлттық ұланның Шымкент қаласында орналасқан 6698 әскери бөлімінің кезекті шақырылымының жас сарбаздары әскери ант қабылдады. Әскери ант қабылдаған 140 сарбаз еліміздің оңтүстік аймақтары Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Тараз және Алматы қаласынан шақырылған болатын. Ленгір қаласында жасақталған оқу пунктінде жас сарбаздар бір ай көлемінде әскери қызметтің алғашқы дайындығынан өтті.
Аталған салтанатты шараға әскери бөлімнің ардагерлері, жас сарбаздардың ата-аналары мен жақын туыстары қонақ ретінде қатысып, ұлдарының қолдарына қару алып, әскери өмірге нық қадам басып, елдің аманатын, Отанымыздың тыныштығын қорғайтын нағыз жауынгер болуына ант беруінің куәсі болды.
Жас жауынгерлер мен әскери қызметшілерді 6698 әскери бөлімінің командирі подполковник Нұрлан Сакибеков: «Әскери ант қабылдау – Отаныңа халқыңа ақтық демің қалғанша адал болу, ел басын күн туғанда, барлық қиындықты мойнымен көтеру, қажет жерде жан қию деген сөз. Ант –адалдық рухы, халқымыз анттан атағаның –ардан аттағаның деген. Артылған аманат пен жүктелген сенімді абыроймен атқарады деп сенеміз! Ұлттық ұлан қатарында қасиетті борыштарыңызды қырағылықпен, батылдықпен атқарып, аман-есен туған жерге оралуларыңызға тілектеспін»,- деген құттықтауын арнады.
Жас сарбаздарымыз ант қабылдау рәсімінен кейін «Мен қазақпын» әнін әуелете шырқап, қонақтарға әскери қоян-қолтық ұрыс әдістерінен қойылым көрсетті. Жауынгерлеріміздің алыс-жақыннан келген ата-аналары мен жақындары бөлім басшылығымен сұхбат жасап, көкейкесті сұрақтарына жауап алды. Айта кетейік, алдағы уақытта әскери ант қабылдаған жас сарбаздар енді Шымкент қаласындағы түзеу мекемелерін күзету бойынша жауынгерлік қызмет атқаратын болады, деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика