• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Жас отбасының баспана мәселесі қандай?!

Автор:admin

Сен 20, 2022
Spread the love

Әр отбасы үшін баспана мәслесі әрқашан өзекті екені сөзсіз. Сондықтанда әр отбасы өзінің жеке үйінің болғанын қалайды. Әр жас отбасында ата-ана үйінен бөлек, жеке үйді, баспананы сатып алу туралы мәселе туындайтыны анық. Ал шындығында әрбір отбасы пәтерді өз қаражатына сатып ала алмайды. «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы  бойынша жас отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін  бастапқы жарнасыз соңыра сатып алумен және төмендетілген пайыздық мөлшерлемелер бойынша пәтерді жалға алу мүмкіндігін көздейтін, «Жас отбасы» — бағыты іске асырылады.

«Жас отбасы» бағытында қатысу үшін кейбір талаптарға сәйкес келу қажет.

Ерлі-зайыптылардың жасы. Өтініш беру кезінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29 жастан аспауы тиіс. Егер отбасы толық болмаса, жасы бойынша шектеу тек баланы (балаларды) тәрбиелеп жатқан ата-ананың біріне ғана қатысты, ол да 29 жасты құрайды.

Ерлі-зайыптылық кезеңі. Өтініш беру сәтінде тіркелген неке кезеңі 2 жылдан кем емес мерзімді құрауы тиіс. Аталмыш шектеу толық емес отбасына қатысты емес.

Отбасының құрамы. Отбасының құрамына ерлі-зайыптылардың өздері, сондай-ақ олардың кәмелетке толмаған балалары, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың жұмысқа жарамсыз ата-аналары. Отбасы мүшелерінің саны болашақ пәтердің квадратурасын анықтағанда ескерілетін болады, әр отбасына 15 тен кем емес 18 ш.м. бөлінеді. Егер отбасында 3 адам тұрса, онда пәтердің ауданы 45ш.м. кем болмауы тиіс.

Тұрғын үйдің болмауы. «Жас отбасы» бағыты бойынша  қатысу үшін ерлі-зайыптыларда және отбасы мүшелерінде пәтерді алу болжанып отырған елді мекенде жылжымайтын мүлкі болмауы тиіс.

Табысы. Отбасының жыл сайынғы жиынтық таза табысы зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және  ерлі-зайыптылардың және баланың (балалардың) соңғы 6 айдағы ай сайынғы шығындарын қоспағанда өтінішті берер алдында мынадай шекте болуы тиіс:

— ең төменгі –Алматы, Астана қалалары үшін –  (74 640 теңге), қалған қалалар үшін ең     төменгі күнкөрістің 4-есе мөлшері – 3 ЕТЖ (55 980 теңге);

— ең жоғарғы –12 ЕТЖ кем емес (223 920 теңге).

Ерлі-зайыптылардың күнделікті шығындары бір адамға – 15 (АЕК) = 25 965 теңге, бір кәмелетке толмаған балаға – 7,5 АЕК = 12 982 теңгені құрайды.

Азаматтық. Бағдарламаға қатысушылар ҚР азаматы немесе оралман мәртебесі болуы тиіс.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика