• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖАС БҮЛДІРШІНДЕР ПОЛИЦИЯ ИМИДЖІН КӨТЕРУГЕ АТ САЛЫСТЫ

Автор:admin

Сен 8, 2024
Spread the love

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты тіл апталығы аясында «Менің парасатты полициям!» тақырыбында полиция қызметкерлерінің балалары арасында сурет салу байқауы өтті.
Мақсат-жас жеткіншектердің арасында сурет салу арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыру және полиция имиджін көтеру, балалардың көзқарасымен тәртіп сақшыларына деген пікірін білу, ел қорғандарына деген сенімдерін одан әрі арттыру.
Кішкентай суретшілер өздері салып, түрлі-түске бояған суреттерінде Отанына, еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін көрсетіп, өз ойларындағы полицей азаматтың кейпін ұсынды.
Байқау нәтижесімен жүлделі І-орын Сауран ауданынан келген Тілеуберген Алиханға берілсе, ІІ-орынды сайрамдық Аяжан Бекжанқызы алды. Жүлделі ІІІ-орынға екі бүлдіршін лайық деп танылып, Түркістан қаласынан Жахан Айым мен Жетісай ауданынан келген Аяла Ерғалиқызына бұйырды.
Қатысушыларымыздың барлығы департамент бастығының Грамотасы мен арнайы сыйлығын қанжығалады, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика