2021 жылғы 21 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның жастар құрылымдарын «Ассамблея жастары» бірыңғай республикалық жастар ұйымы ретінде қайта құру туралы тапсырма берді. Республикалық қоғамдық бірлестік әділет органдарында ресми тіркеліп, еліміздің барлық өңірлерінде өкілдіктер құрылды.
Кез келген жастар қоғамдастығы сияқты «Ассамблея жастары» да өз алдына өршіл мақсаттар қойып, оларды іске асыру үшін білек сыбанып, жұмысқа кірісті.
Бүгінде қоғамда қордаланған бірқатар мәселелер жастар ұйымдарының қызметін қайта қарастыруға бағыттап отыр. Сондықтан біздің кез келген іс-шарамызға қатысушы жас ұйымның қызметін сезінуімен қатар, өзінің бәсекеге қабілеттілігін, дағдылары мен білім-білігін арттыруға ұмтылғаны дұрыс.
«Ассамблея жастары» ұйымының басты аудиториясы ‒ жастар, алдына қойған мақсат-міндеттері – жастар бастамаларын дамыту, жастар ортасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, олардың әлеуметтік дәрежесін арттыруды көздейді.
Өңірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының саны бүгінде мыңнан асады.
Сондай-ақ, бірлестік қалалық Ассамблеяның өзгеде қоғамдық құрылымдарымен, атап айтқанда, ғылыми-сарапшылық топпен, ақсақалдар кеңесімен, аналар кеңесімен, медиация кеңесімен, кәсіпкерлер қауымдастығымен, меценаттар клубымен қоғамдық мәселелерді талқылауға белсенді қатысуда.
Қаладағы жоғары оқу орындарымен, колледждермен, жастар ресурстық орталықтарымен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жүйелі жолға қойып, жастар арасында ұйымдастырған іс-шаралардың басы-қасынан табылуда.
Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған ақпараттық-түсіндіру тобы құрамында жастармен тұрақты кездесіп, этносаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясаттың басым тұстарын түсіндіру жұмыстарына жұмылдырылған.
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Н. Мейірбеков