Еңбекші ауданындық полиция басқарамасының бастығы А.Әмзеев «Грамад», «Магнум», «Фиркан Сити» және «Мечта» ірі сауда үйлерінің қауіпсіздік қызметінің басшылармен кездесіп, қылмыстың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ұсыныстарды тыңдады, деп хабарлайды r-factor.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде 4 мәселе қаралды. Атап айтқанда:
— сауда орталықтарында алаяқтардың айласы жайлы немесе басқа да құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша дыбыстық жүйесі арқылы азаматтарға хабардар ету;
— сауда орталықтарында орын алған кез келген құқық бұзушылықтарды жедел алдын алу бойынша өзара іс-әрекету алгоритмін пысықтау, «What’App» әлеуметтік желісінда ортақ чат құру;
— сауда орталықтарында орын алған ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау жайттарын болырмау. Күдікті азаматтар анықталған жағдайда полиция қызметкерлеріне хабарлау;
— сауда орталықтары, осал объектілерінің қатарына кіруіне байланысты террористік тұрғыда қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша мәселерді пысықтау.
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу — қоғам алдындағы басты міндет. Әр азаматтың міндеті — заң талаптарын бұзбау және өзіне жүктелген міндетін орындау.
Еліміз бойынша былтыр өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін 13 978 әкімшілік құқықбұзушылық фактісі тіркелген.
Өрт қауіпсіздігін өрескел бұзу фактілері мен құлыпталған немесе шынжырмен бекітілген апаттық шығу жолдары, жарамдылық мерзімі өткен өрт сөндіргіштердің болуы немесе олардың болмауы, дабыл және өрт сөндіру жүйелерінің бұзылуы сияқты фактілер анықталған. Осының бәрі бірыңғай заң талабының орындалмайтынын көрсетеді. Сауда орталықтары ғимараттың техникалық жүйесін арнайы алгоритм бойынша басқаруға қабілеті жоғары технологиялық өрт дабылының жүйесімен жабдықталуға тиіс. Бұл барлық адамды белгілі бір уақытта өрттің қаупінен қорғауға және сол арқылы эвакуациялауға мүмкіндік береді.