• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«ЕҢБЕК АДАМЫ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 20, 2023
Spread the love

Бүгін «Еңбек адамы» партиялық жобасы аясында «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен жастармен кездесу өтті. Кездесу барысында ардагер жастарға өткен еңбек жолдарындағы естеліктермен бөлісті. Еңбек адамына құрмет көрсету төңірегінде Президент өзінің халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өтті. Партия осы бағытта «Еңбек адамы» жобасын іске қосып, жоба аясында еңбек адамдарын құрметтеу, олардың еңбегін кейінгі ұрпаққа насихаттау, жастарды адал еңбекке шақыруда көпшілікке үлгі болып келеді. Тағылымы мол кездесу барысында көрсетіліп жатқан құрметке риза болған ардагеріміз жылы лебізін білдіріп, ақ батасын берді.
Сондай-ақ, айта кететін ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап еліміздің облыс орталықтары мен мегаполистерінде 20 еңбек мобильділігі орталығы құрылады, ал жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары мансап орталықтары болып қайта құрылатын болады.
Еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі жаңа функциялары:
— жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету;
— өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру;
— жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру және өңірде іске асырылатын барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг;
— жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру;
— жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз адамдарды тіркеу;
— халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті мемлекеттік органды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.
Жаңа орталықтар осы функцияларды іске асыру үшін өңір аумағында жұмыс істейтін еңбек нарығының барлық институттарын белсенді түрде тартатын болады. Ол үшін оларға азаматтардың нысаналы топтарын жұмысқа орналастырумен байланысты жекелеген функцияларды аутсорсингке беру құқығы беріледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика