• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЕСІРТКІСІЗ ШАХАР

Автор:admin

Май 2, 2024
Spread the love

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңмен тыйым салынған есірткі заттарын пайдалану, сақтау, өсіру, сату сынды қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында үздіксіз жұмыстар жүргізуде.
Полиция қызметкерлері егінжайларды аралау, аулаларды, үй маңындағы аумақты мұқият тексеру нәтижесінде, есірткі сайттарын жарнамалайтын жазбаларды анықтап, ғимараттардың қабырғаларынан синтетикалық есірткілердің жарнамаларының граффити-жазбаларын өшіру және алып тастау жұмыстарын жүргізеді.
Айта кететін, Әл-Фараби ауданында нашақорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлескен іс-шара жүргізу барысында аудан көлемінде орналасқан көп қабатты үйлерде, гараждарда және беті бояуға ыңғайлы тағы басқа да жерлерде «СОЛЬ-МЕФ», «СК-МЕФ», «РАБОТА-СТОР» және тағы басқа түрдегі есірткі заттарын жарнамалау фактілері анықталып, жойылды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Интернет желісіне есірткі сату, жарнамалау деректеріне мониторинг жүргізеді.
Заңға қайшы жарнамалар анықталған жағдайда сайттар мен жазбаларды бұғаттап, орналастыруға қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.
Граффити жазуларын енгізгені және Интернет желісінде көрсетілген мәліметтерді таратқаны үшін ҚР ҚК сәйкес 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал жалпы білім беру мекемелерінде есірткі заттарын өткізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік көзделеді.
Сондықтан Шымкент қаласы полиция департаменті қала халқын есірткінің таралуы туындайтын жәйттерге тап болған жағдайда, қылмысқа әрекетсіздік танытпастан 102 арнасына хабарлауға шақырады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика