• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Есірткі – зұлым!

Автор:admin

Апр 9, 2024
Spread the love

Әрбір саналы адам мұны түсінеді. Ең бастысы, дер кезінде «жоқ» деп айту. Адамның мықты ішкі өзегі, күшті рухы болуы қажет.
Осы орайда, Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері Еңбекші ауданындағы №40 мектепке барып, оқушылармен кездесті.
Іс-шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және Еңбекші ауданы полиция басқармаларының жауапты қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды r-factor.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер оқушылармен тәлім-тәрбиелік сұхбат жүргізіп, құқық бұзушылық және тәртіп бұзушылық жол бермей, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға және бос уақытын тиімді пайдаланып, жан-жақты дамуға шақырды.
Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік жасын түсіндіріп, оның ауыр зардаптарға алып келетінін, болашақта жақсы азамат болу үшін мектеп кезінен бастап үлгілі тәртіп және білімімен ерекшелену қажеттілігін жеткізді.
Адамның өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандығынан асқан ешқандай қымбат дүниелердің жоқтығын атап өтіп, қауіпсіз қоғам құру еліміздің әрбір азаматының міндеті екеніне тоқталды.
Адамзат жер бетінде «нашақорлық» деп аталатын зұлымдық жайлаған уақытта өмір сүруде. Есірткі заттары адам ағзасына ауыр психикалық және физикалық әсер етіп, есірткі қолдануға құмарлық тудырады. Алайда көпшілікті «қорқыныш» сезіміне баулитын заттар, жас балаларды қызықтырып, көбісінің өміріне «балта шабады».
Қазіргі таңда нашақорлық мәселесі — ең маңыздыларының бірі болып табылады. Адамдарды нашақор болуға ешкім мәжбүрлемейді, тек қорқыныш пен алдау әрекеті арқылы тұзаққа түсіреді. Бағасы қымбат есірткіден делдалдар үлкен пайда көреді, оларға сатып алушылар қажет, ал нашақорлар есірткі үшін кез-келген ақшаны беруге дайын. Сондықтан, жаңадан бастаушыларға бұл улану тегін ұсынылады.
Нашақордың ащы өмірі, ол — қираған армандар мен мақсаттар, шынайы достықты білмеу, азаптанып өлу. Әдетке айналған зиянды тәуелділік адамды басқарып, есірткіні тағы да, тағы да талап ете береді. Есірткіні қолданатын адам өзіне өзі көмектескісі келмесе, оның өмірі құрдымға кетеді. Алайда олардың ойынша – есірткі қабылдауды кез келген уақытта тоқтата алады.
Өмірде көптеген құндылықтар бар — отбасы, достар, денсаулық, оқу және өмір мен табиғаттың барлық сұлулығының ашылуы. Қаншама адам, уақыт пен күш аямай, зұлымдықпен күресіп, аталмыш құндылықтарға қол созады.
Нағыз Адам болу үшін – өз-өзін жетілдіру, білім алып, жаңа және белсенді өмір позициясын игеру керек. Нәтижесінде адам өмірі қызықты және бай бола түседі. Әрбір ата — ана өз балаларына күш — қуатын сыйлап, тәрбиелейді. Ұстаздар — білім беруге ұмтылады. Сондағы барлығының күтетін нәтижесі — лайықты азамат, лайықты ұрпақ тәрбиелеу.
Өмірдің — өз мақсаты бар. Бақыт немесе бақытсыздық құпиясы — әркімнің өмірінің осы мақсатқа сәйкес келетінімен тікелей байланысты.
Мен, Қазақстан Республикасының азаматшасы , ана, ұстаз ретінде елімнің келешек жарқын ұрпағы салауатты өмір сүріп, оқып-өніп, армандап, жетістіктерге жетуін қалаймын, сондықтан барлығын салауатты өмір салтын таңдауға шақырамын.
Біздің қоғам азғындық және немқұрайлылықпен күресіп, мейірімділік, махаббат, сенім деген мәңгілік құндылықтарды бекіту қажет. Біз бәріміз есірткінің адам өміріне қаншалықты зиянды екенін түсінуіміз керек.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика