Әл-Фараби ауданында қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес демалыс алаңы ашылды. Есіл және Камал көшелерінің арасындағы 0,5 га жерді қамтитын аумақтағы қоғамдық орын бүгін пайдалануға берілді.
Ұлт саулығын жақсарту мақсатында саябаққа 200 ш.м құрайтын заманауи баскетбол алаңшасы, балалар ойын және спорт алаңшалары, 3 әткеншек, 2 теннис үстелі, 1 шахмат үстелі орнатылды. Жаңа серуендеу аймағында 4000 ш.м аумақ көгалдандырылып, шынар, гуджу, каштан ағаш көшеттері мен көпжылдық сәндік гүлдер отырғызылды.
Сондай-ақ, саябаққа ауызсу бұрқағы, тегін автотұрақ, орындық, қоқыс жәшігі, пергола, жарықшам бағаналары және декоративті тастар орнатылды.
Бұл аумақта 10-нан астам көбқабатты үй мен 500-ден астам жеке тұрғын үй шоғырланған. Шамамен 2000-нан астам тұрғын бар.