ҚР азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе куәландыру бойынша 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен жүрген тұлғаларды анықтап, құжаттандыру мақсатында Сауран ауданының полицейлері қызыл куәлікпен жүрген тұрғынды анықтап, құжат алуына қажетті көмектер көрсетті.
Яғни, ер адамның жеке басын куәландыратын төлқұжатын 1993 жылдан бері ауыстырмай, ескі үлгідегі төлқұжатпен жүргені анықталды. Амиралхан Аяпов өзінің отбасылық жағдайына байланысты жаңа құжат алуға мүмкіндігі болмаған. Ал полиция қызметкерлері аз уақыттың ішінде жаңа төлқұжатын рәсімдеп берді.
Өз кезегінде тұрғын полиция қызметкерлерінің атқарған жұмысына ризашылығын білдірді.
«Осы уақытқа дейін ескі құжатпен жүрген едім. Ал көші-қон қызметкерлерінің арқасында қажетті құжаттарды жинақтап, төлқұжатымды рәсімдеп берді. Полицейлерге үлкен рақмет-деді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі