10-қыркүйек – Дүниежүзілік өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу күніне орай және Мемлекет басшысының Жарлығымен «Отбасы күні» қыркүйек айының екiншi жексенбiсiне сәйкес келуіне байланысты, Арнайы жасақ қызметкерлерімен «АДАМНЫҢ ӨМІРІ — ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» тақырыбында ерекше форматтағы психологиялық воркшоп (workshop) өтті.
Аталған іс-шарада жасақтың инспектор-психологы полиция майоры Тастемирова Ақерке Еркінқызы «Отбасы — бақыт мекені» презентациясын жасап және арнайы шақыртумен практикалық психолог, Мәскеу гештальт және психодрама институтының (MИГИП) тренері, Қазақстан психологтар одағының эксперті Асанова Салтанат Сайлауқызы «Суицидалды мінез-құлықтың шығу себептері және алдын алу жолдары», сондай-ақ «Az-UIA (Әз-Ұя)» қоғамдық бiрлестiгiнің атқарушы директоры Боранбек Алтынбек Срайылұлы «Отбасы құндылықтары, Әке мен бала қарым-қатынасы» жайлы сөз қозғады.
Жасақ қызметкерлері психологиялық воркшопқа белсене араласып, жеке ойларымен бөлісіп, тренингтік жаттығулармен аяқталды. Шақырылған қонақтар алғыс хатпен марапатталып, «Шымкент Полициясы» танымдық кітабы табысталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әр отбасы – еліміздің әл-ауқаты мен гүлденуінің негізі, сондықтан мемлекет отбасы институтына қолдау көрсетіп, оны жан-жақты жүргізетінін» айрықша атап өткен болатын.
Отбасылық құндылықтар — бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер. Бұл — отбасының берік болуына себеп болатын сезімдер. Мұның бәрі адамдардың үй ішінде бірге бастан кешіретін сезімдері: қуаныш пен қайғы, амандық немесе мәселелер мен қиындықтар.
Ең маңызды отбасылық құндылықтардың қатарында құрмет, адалдық, қамқорлық, келісім, өзара көмек бар. Бұл — отбасын жақын және қымбатты адамдар тобы ретінде анықтайды. Отбасылық құндылықтарды сақтау — біздің ұрпақтың басты міндеті!