Тіркеу науқаны – емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес. Жылына бір рет еркін таңдау құқығымен қатар, адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырған жағдайда, басқа елді мекенге көшсе немесе ол тұрған емхана қайта ұйымдастырылса, жойылса және басқа да жағдайларда емхананы ауыстыруға құқылы.
Емхана таңдауда басты ескеретін жайт – ол үйден 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқаны жөн. Барлық емхана аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі. Бұл учаскелік дәрігердің немесе мобильді бригаданың көмегі қажет болған жағдайда оның жедел жетуіне, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің бір дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді.
Азамат электрондық үкімет порталы арқылы бекітуге өтінім берген кезде бекіту немесе бекітуден дәлелді бас тарту 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жаңа емханаға бекіту тәртібі:
Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету үшін «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызмет іске асырылды.
МСАК ұйымы жеке тұлғаларға өз бетінше немесе «Электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметтерді ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметке тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінімді мынадай жеке тұлғалар бере алады:
— Зейнеткерлер.
— Мүгедектігі бар адамдар.
— Бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да оларды алмастыратын адамдар (заңды өкілдер).
— Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, колонияларда өтеп жүрген сотталғандар (өтеу орны бойынша), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті денсаулық сақтау мемлекеттік басқару органының бірінші басшысының бұйрығымен құрылған «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесіне халықтың МСАК-қа бекітілуін (босатуын) тіркеу мәселелерін қарастыру жөніндегі комиссияның хаттамасы болса.
— Студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер, МСАК-қа жоғары оқу орны ректорының жазған өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссияның хаттамасы болса.
— Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер.
— Шет мемлекеттерде туған балалар.
— Сәбилер, жетімдер, қарттар үйлерінің және басқалардың қамқорлығындағылар.
— Бекітуді сенімхат бойынша ресімдейтіндер.
— Бекітуді шарт болған кезде ЕМС шарты бойынша ресімдейтіндер.