• Вс. Авг 17th, 2025
Популярные метки

Елдің болашағы – білімді ұрпақта! Кешенді дамудың жаңа кезеңі

Автор:admin

Авг 17, 2025
Spread the love

​Кеше өткен тамыз конференциясы білім беру саласындағы айтулы бетбұрысты көрсетті. «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» деп аталған бұл шарада ел болашағы үшін білімді ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығы тағы да айқындалды. Президенттің «Халықтың байлығы – оның білімді ұрпағында» деген сөзі осы осы толықтырып тұр.

​Білім – дамыған елдің тірегі, ал оны қалыптастыратын – білікті ұстаз бен сапалы жүйе. Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін кешенді түрде жетілдіруге бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұғалім мәртебесін көтеру, инфрақұрылымды жаңарту, цифрлық технологияларды енгізу, ғылыми зерттеулерді қолдау – мұның бәрі адами әлеуетті арттыруға бағытталған.
​Білім сапасын арттыру –еліміздің басты міндеті екенін көрсетеді. Атап айтар болсақ, Мұғалімдердің жалақысы
​Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға өсіп отырды. Нәтижесінде соңғы төрт жылда (2020-2024) олардың айлық жалақысы екі есеге артты. Бұл өсім кезең-кезеңімен жүзеге асырылды:
​2020 жылы – 25%
​2021 жылы – 25%
​2022 жылы – 25%
​2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап – тағы 25%
​Мұндай жүйелі өсімнің арқасында 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұғалімнің орташа айлық жалақысы бір мөлшерлеме (16 сағат) үшін 352 мың теңгеге, ал ауыл мұғалімдері үшін 435 мың теңгеге дейін жетті. Бұған қоса, «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында ұстаздарға педагогикалық шеберлігі (модератор, сарапшы, зерттеуші, шебер) үшін 30%-дан 50%-ға дейін қосымша ақы төленеді.

​Жаңа мектептердің құрылысына да тоқтала кетсек,
​Соңғы жылдары елдегі үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу үшін ауқымды жұмыстар жүргізілді. Оның ішіндегі ең маңыздысы – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы.
​2023-2024 жылдар аралығында Қазақстанда жарты миллион оқушы орнына арналған 422 мектеп пайдалануға берілді. Бұл еліміздегі 32 апатты және 71 үш ауысымды мектептің мәселесін шешуге септігін тигізді.
​2024 жылдың өзінде 105 жаңа «жайлы мектеп» салынды, оның 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан.
​Мұнымен қоса, жемқорлардан тәркіленген қаржы есебінен 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.
​Жаңа мектептер салудан бөлек, 464 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 2 мыңнан астам мектеп заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталды.
​Бұл деректер білім беру саласына мемлекет тарапынан жасалып жатқан нақты және кешенді қолдаудың айқын дәлелі болып табылады.

​Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын жақсартудың өзектілігіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, ғылым мен технологияның қарқынды дамып жатқан заманында кешегі білім ертеңгі күні өзектілігін жоғалтуы мүмкін. Сондықтан ұстаздар үздіксіз ізденіп, білімін жетілдіріп отыруы қажет. Бұл – озық ойлы шәкірт тәрбиелеудің басты шарты.
​Сондай-ақ, Президент басқа елдердің озық тәжірибесін зерттеуді, бірақ оны Қазақстанның ерекшелігіне бейімдеп, «көшірме» жасамай, өзіміздің білім беру үлгісін қалыптастыру керектігін атап өтті. Білім саласына енгізілетін кез келген өзгеріс мұқият сараланып, қателіктерге жол бермеу қажет. Себебі, бұл сала – ел болашағының іргетасы.
​Білім беруге кешенді көзқарас
​Президент білім берудегі кешенді тәсілдің маңыздылығын да айрықша атады. Бір ғана бағытты дамыту жеткіліксіз, барлық деңгейді бірдей жаңғырту қажет. Ол үшін:
​Балабақшадан бастау: Баланың болашағына қажетті негіз мектепке дейінгі білім беру кезінде қаланады. Сондықтан осы кезеңнің сапасын арттыруға басымдық беріледі.
​Мектептерді жаңарту: «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа мектептер салумен қатар, ескі мектептердің инфрақұрылымын жаңартып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды.
​Мұғалімдерді қолдау: Білім сапасын арттырудың ең негізгі факторы – мұғалімдер. Педагогтардың еңбек жағдайын жақсарту мен кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар жалғасады.
​Жоғары білім мен ғылымды дамыту: Университеттерге академиялық еркіндік беріліп, ғылыми зерттеулерді қолдау арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға күш салынады.
​Соңғы үш жылдағы маңызды өзгерістер
​Соңғы үш жылда білім беру жүйесінде бірқатар маңызды өзгерістер болды.
​Мұғалімдер мәртебесі көтерілді. «Педагог мәртебесі туралы» заң мұғалімдердің құқықтарын кеңейтіп, әлеуметтік кепілдіктерін күшейтті. Енді олар артық есеп беруден босатылып, негізгі күш-жігерін оқу процесіне жұмсауға мүмкіндік алды.
​»Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асуда. Бұл жоба аясында жаңа, заманауи мектептер салынып, оқушыларға қолайлы жағдай жасалуда.
​Жоғары білім сапасы арттырылуда. Университеттердің академиялық еркіндігі кеңейтіліп, гранттар саны көбейтілді.
​Білімге қолжетімділік қамтамасыз етілуде. Балабақшалар саны артып, ауылдық жердегі мектептерге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл ауыл мен қала мектептері арасындағы айырмашылықты азайтуға көмектеседі.
​Бұл өзгерістердің барлығы Қазақстанның білім беру жүйесін кешенді түрде жетілдіруге бағытталған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, мұғалімдердің еңбегі еленіп, олардың марапат көкжиегі кеңейгенін байқауға болады. Бұл – ел болашағы үшін жасалып жатқан маңызды қадам. Бұл қадау-қадау қадамдар тамыз кеңесінде келісілді. Сондықтан алқалы жиынның берері мол. Биылғы межеде мұғалім мүддесі масыл сананы болдырмауға бағытталу керектігі айтылды. Ұрпақты біліммен қоса адалдықтың нәрімен сусындатуға бағытталу қажеттігі сөз болды.

Олардың еңбекқорлығын арттырудың алғашқы алгоритмі осыда. Еңбекқорлық адалдыққа апарады. Адалдық жемқорлықтың жауы. Қасым-Жомарт Кемелұлының ойы көптің көкейіне қонғандай… Залда адамның көптігіне қарамай, сілтідей тыныштық.

Жалпы тамыз конференциясы білім беру жүйесін дамытудағы маңызы үлкен шара.
Осы арқылы жаңа оқу жылының жаңа қадамы айқындалады. Даму бағыты белгіленеді. Дәстүрлі шара педагогикалық қауымдастықпен ашық диалог жүргізу үшін жақсы. Саладағы өзекті мәселелер мен мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім сапасын арттыру жолдарын жоспарлауға септігі мол. Еліміздің ұстаздары «бір жағадан бас бір жеңнен қол шығарып, қорытындысында негізгі міндеттерді межелейді.

-Ұстаз ұлттың шамшырағы. Сіздер халықтың зияткерлік танымын арттыруда барынша күш салып отырсыздар. Сондықтан бұл мамандықты алдыңғы орында болуы керек. Келешек сіздердің қолдарыңызда,-деген Ел Президенті ұлағаттың ұстындарына ұрпақ тәрбиесінің төресі болған тәртіпті төрге оздыруда үлкен жауапкершілік жүктеді. Сондай-ақ, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайына барынша басымдық беріп жатқанын жеткізді. Қоғамның қос тұғыры саналатын ұстаз бен білім жүйесінде ұлттық құндылықтың иісі аңқып тұру керектігін айтты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика