ТМД елдерінде 1990 жылдары өлім-жетімнің артуы демографиялық ділгірлікке айналды. Белорус, Украина елдерінде өнім-жетім туу коэффициентінен артып түсті. 90- жылдардың бірінші жартысында Қазақстанда да өлім-жетім коэффициенті артып, 1990 жылы 7,7 промильден 1995 жылы 10,7 промиль көрсеткішіне дейін жетті. Бірақ кейінгі жылдары бұл көрсеткіш біртіндеп төмендей бастады. (1996 ж – 10,7; 1997 ж. – 10,4; 1998 ж. – 10,2; 1999 ж. – 9,8 промиль). Дегенмен Қазақстанның кейбір облыстарында өлім – жетім орта көрсеткіштен асып түсуде. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысында өлім – жетім жоғары деңгейде (13,0 промиль). Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 12,0 промиль болып тұр. Өлім-жетім көрсеткішінде еңбекке жарамды тұрғындардың үлес салмағы жоғарырақ. 1999 ж. тіркелген өлім-жетім оқиғаларының үштен бірі еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың үлесіне тиеді, ал олардың ішінде әйелдерге қарағанда ер азаматтардың үлес салмағы 3,6 есе көп. 1999 ж. қан айналымы, тыныс алу органдарының ауруы салдарынан және оқыс оқиғалардан қаза табушылардың саны біршама азайғанымен өнім-жетім көрсеткіші жоғары деңгейде қалды. Ол көп жағдайда қоршаған ортаның ластануынан, тамақтану сапасының төмендеуінен, тұрғындардың алкоголь ішімдіктеріне әуестенуінен туындауда. Қазақтардың орташа өмір сүру жасы орыстарға қарағанда төмен. Ол қазақтардың үлес салмағы басым түсетін ауылды жерлерде әлеуметтік – экономикалық жағдайдың нашарлығымен байланысты. Сондай-ақ қазақтар тығыз тұратын жерлердің біразы экологиялық апат аймаққа жатады. Салыстыра қарау үшін шетелдердегі орташа өмір сүру көрсеткішіне назар аударайық: ол жапонияда – 76,1, Испанияда – 75,7, Қоста – Рикада – 75,6, Андаррода-75,3, Гонконг пен Израильде – 75,1, Австралияда – 75, Швецияда – 74,8, Грекияда – 74,6, Ұлыбритания – 73,2 жас. Қазақстан тұрғындары денсаулығының нашарлауы көп жағдайда қоршаған ортаның экологиялық жағдайының төмендеуінен. Мысалы, Семей ядролық полигоны аймағының радиоактивті ластануынан, Арал теңізі өңдірінің агрохимиялық ластануға ұшырауынан туындауда. Соның салдарынан осы өңірлерде генетикалық ауытқушылық және психикалық аурулардың жиі шығуы қазіргі кезде алаңдаушылық тудырып отыр. 1990 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта онкологиялық аурулар екі есе, эндокриндік жүйелер аурулары екі есеге жуық, қан аурулары бір жарым көбейді. Жұқпалы аурулар да жоғары деңгейде қалып отыр. Дегенмен олармен ауырғандар соңғы жылдары азайды. 100 мың адамға шаққанда 1997 жылы 3015,4 адам, 1999 жылы 2439,2 адам жұқпалы аурумен ауырған.
R-ақпарат