«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Жаңа дәуір» мектеп-интернатында мұғалімдер мен оқушылар арасында достық қасиеттерін қалыптастырып нығайту, олардың бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту және мұғалімдерді басқа қырынан танытып, жас таланттың бойындағы өнердің көзін ашу мақсатында «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ән байқауы болып өтті.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті болып табылады. Жас ұрпақты оқытып — тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті, ізденіс пен шыдамдылықты, ұстаздың заман көшіне сай білімнің қыр-сырын терең меңгеріп, жаңа ақпараттық технологиялармен қаруланғанын, жан-жақтылығын талап етеді. Себебі ұстаз алдында заман талабына сай-жеке индивид тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Жан-жақты қалыптасқан, білім мен тәрбиені қатар тізгіндеген, өмір көшінен өзіндік орын алар тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру оңай шаруа емес екенін ұстаздың өзі де түсініетіні белгілі. Тұлғаны оқытып, тәрбиелеу ең алдымен отбасы-ошақ қасынан бастау алып, жаңа мектеп табалдырығын аттаған-яғни бастауыш сатыдан басталуы керек.
Байқауға 6 жұп қатысып, екі кезең бойынша бақ сынасты. 1 кезең «Шәмші және Ескендір аталарымыздың әндері» болса, 2 кезең «Еркін тақырыпта» ән айтылды.
Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды математика пәнінің мұғалімі Сапарбек ҚазбекӨтебекұлы және 11 «ә» сынып оқушысы Ләтіпбек Ақтілек иеленді. 2-орындыхимия пәнінің мұғалімі Беріктайқызы Жансая және 9 «ә» сынып оқушысы Шестакова Алина иеленсе, 3-орынды информатика пәнінің мұғалімі Қаныбек Маржан Абдуманапқызы және 8 «ә» сынып оқушысы Болатов Нұрахмет иеленді.
Барлық қатысушыларға мектеп әкімшілігі тарапынан арнайы диплом, алғыс хаттар және «Aiman Education group» мектептер желісінің бас директоры Бердимбетова Айман Сейтқызының атынан қаржылай сертификаттар табысталды.