• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЕКІ АЙФОН ЕКІ ҚЫЗДА

Автор:admin

Май 14, 2024
Spread the love

Мінеки екі айға созылған КІТАП LIVE 2024 кітап оқу байқауы өз мәресіне жетті. 500-ге жуық бала қатысқан сайыстан ақтық кезеңге 22 оқушы өтіп, бүгін Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің сахнасында бақ сынады. Байқауда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ағамыз сөз алып, кітап оқуға құштар жасөспірімдерге сәттілік тіледі.
Үміткерлер ақтық сайыста Абай Құнанбайұлының шығармаларын мәнерлеп оқып, алдын ала дайындалған сұрақтарға жауап берді. Қазылар алқасы құрамында ақын, аудармашы — Абай Қалшабек, айтыскер ақын, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры — Анар Жаппарқұлова, Журналист, Парасат орденінің иегері, қазылар алқасының төрағасы — Бақтияр Тайжан, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Әсет Әссанди, айтыскер ақын, ҚР ақпарат саласының үздігі — Қажымұхан Абзалов болып, оқушылардың өнеріне әділ бағасын берді.
Байқау қорытындысы бойынша кіші топтан — Дусжан Айдана №115 мектеп үлкен топтан — Есенбай Ақниет №97 мектеп БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ атанып, IPHONE 15 смартфондарына ие болды.
Сонымен қатар I орын алған оқушыларға Ноутбуктар, II орынға Смартфондар, III орын иегерлеріне планшеттер, арнайы жүлде алған оқушыларға Смарт сағаттар табысталды.
Осы орайда, өскелең ұрпақты кітап оқуға баулыған, ақын-жазушылардың шығармашылық жолын насихаттауға ұйытқы болған Шымкент қаласы әкімдігіне, қалалық білім басқармасына, бас демеушіміз KEREGE GROUP құрылыс компаниясына ерекше алғыс білдіреміз.
Оқушылардың зейінін ашып, білімге құштарлығын арттырудағы еңбектеріңіз жемісті де берекелі болсын.
Сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы аналогты бейнебақылау жүйелерін цифрлық бейнебақылау жүйелеріне жаңарту ұсынысы жоспарға енгізілді.
Көшеде, үйде немесе мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеті. Осы мақсатта заңнамалар жетілдіріліп, қажетті шаралар да қабылданып жатыр.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика