Шымкент қаласы полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының ұйымдастыруымен электронды қылмыстық іс бойынша криминалистикалық зерттеу тағайындау жағдайы және сот-сараптама тағайындау кезінде туындайтын мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Кездесуге Шымкент қаласы бойынша сот-сараптама институтының Сот-медико-криминалистикалық сарапшылар бөлімінің жетекшісі, баллистикалық, суық қару және трасологиялық зерттеу бойынша бас сарапшысы, Сот-молекулярлық-генетикалық сараптама бөлімінің бас сарапшысы, Есірткі құралдарын психотропты заттарды және прекурсорларды зерттеу лабораторясының жетекші сарапшысы және Тергеу, Анықтау басқармасының, аудандық полиция басқармасының тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық бөлімі бастықтарының қатысуымен өтті.
Іс-шараның мақсаты электронды қылмыстық іс бойынша криминалистикалық зерттеу тағайындау жағдайы және сот-сараптама тағайындау кезінде туындайтын мәселелерін қарастыру.
Криминалистика өзінің спецификалық міндеттерін шешуде қылмыстың жекелеген түрлерінен алдын-ала сақтандыратын және тергеу әрекеттерін жетілдіріп, заттай айғақтарды ашуда жіті байқауға, зерттеуге бейімделген осы ғылымның әдістерімен бірге жаратылыстық-техникалық ғылымдарының жетістіктерін қолданады. Дәлелдеу процесіне аталған жаратылыстық және техникалық ғылымдар жетістігі криминалистика арқылы ғана енгізіледі.
Криминалистикалық тактика айғақтарды жинастыру мен зерттеуге бағытталған жеке процесуалды іс-әрекеттерді жүзеге асыруда қолданылатын рационалдық және тиімді тәсілдер мен жолдарын тергеуде жоспарлы қаралуын сипаттайтын ғылыми жүйе. Осы тергеу тактикасы көздейтін тергеудің өту іс-әрекетін жеңілдетіп, шыққан нәтижесі тиімді болатын әдістер мен тәсілдерді жасап шығарады. Сонымен қатар бұл бөлімде тергеушінің анықтау органдарымен өзара әрекеттері сияқты қоғамдық көмектерді пайдалануға байланысты мәселелер түсіндіріледі.