Бүгін «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан аумағында орналасқан бірқатар дәріханағаларға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мұндағы мақсат Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінен жасақталған жұмысшы топ дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмек мөлшері мен олардың бағасына мен қолжетімділігіне зерделеу жұмыстарын жүргізу.
Алдағы уақытта партия тарапынан дәрілік заттардың бағасын зерделеу жұмыстары жалғасатын болады. Зерделеу жұмыстарын жүргізетін топ дәрілік препараттардың шекті бағадан аспай саудалануын, дәріханналарда әрбір келушіге түбіртек берілуін және дәрі тапшылығын да ескеретін боламыз.
Партияның аудандық филиалының жанындағы Паптиялық бақылау комиссиясы мүшелері мен Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінен құрылған мониторингтік топ мүшелері сауда орындарындағы тұтынушыларымен пікірлесіп, алдағы уақытта аудан аумағындағы сауда орындарымен базарларындағы тауарлардың бағасына тұрақты зерделеу және талдау жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұратынын жеткізді.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы жұмыс топтар супермаркет, базар, дәріхана, жанармай бекеттерін аралап, нарықтағы тауар бағасын бақылап, бағаның себепсіз өсуінің алдын алады.
Орналасқан кәсіпкерлік нысандарға жүргізілген мониторинг барысында ірі және шағын мейрамханалар, дәріханалар мен азық-түлік маркеттері, сауда үйлері аумақтарының басым бөлігінде толығымен келушілерге қолайлы жағдай жасалып, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілгендігі анықталды.
Сондай-ақ, кемшіліктер орын алған кәсіпкерлік нысан иелеріне ескерту беріліп, алдағы уақытта нысан ауласын қала аумағын абаттандыру қағидаларының негізгі талаптарына сай жүйелеп, абаттандыру жұмыстарын жандандыру жүктелді.