• Пн. Июн 16th, 2025
Популярные метки

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Автор:admin

Май 31, 2025
Spread the love

Бүгін, 5 маусым – бүкіл әлем бойынша экология мәселелеріне назар аударуға бағытталған Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, Түркістан қаласында тазалыққа бағытталған ауқымды сенбілік өткізілді. Бұл акция қоршаған ортаны сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында қолға алынды.
Сенбілікке қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, алты сектор, түрлі коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері белсенді түрде қатысты. Іс-шараға жалпы саны 950-ге жуық адам жұмылдырылып, олар қаланың әртүрлі аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысты. Бұл азаматтар қоғамға үлгі боларлық экологиялық сананы көрсетіп, қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлестерін қосты.
Тазалық жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру мақсатында 12 арнайы техника тартылып, қаланың орталық көшелері мен қоғамдық орындарында шөп шабу, аяқжолдарды сыпыру, күл-қоқыс пен жапырақ қалдықтарын жинау жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде 25 тоннадан астам тұрмыстық және табиғи қоқыс арнайы полигондарға шығарылды.
Сенбілік барысында қала тұрғындары да белсенділік танытып, өз аулалары мен көшелерінің тазалығына ерекше назар аударды. Бұл экологиялық мәдениеттің қоғамда қалыптаса бастағанының жарқын дәлелі болды. Тұрғындар тазалықтың тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті екенін ұғынып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырды.
Түркістан қаласы әкімдігі мен тиісті коммуналдық мекемелер қала аумағының санитарлық жағдайын жақсартуға тұрақты түрде көңіл бөліп келеді. Экологиялық ахуалды оңалту мақсатында жыл бойы көгалдандыру, абаттандыру, тазалық сақтау шаралары жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, тұрғындар арасында экологиялық тәрбиені күшейту, жастар мен балаларды табиғатты сүюге баулу бағытында түрлі акциялар мен ақпараттық-насихаттық іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Қала басшылығы осындай экологиялық акциялардың маңыздылығын атап өтіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбір азаматтың борышы екенін еске салады. Болашақ ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдыру үшін әрқайсымыз табиғатты аялауға және оны қорғауға белсенді атсалысуымыз қажет.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика