• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ — ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ

Автор:admin

Мар 18, 2023
Spread the love

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Шымкент көлік колледжінің жастарына «Діни танымдығын арттыру» бойынша кездесу өтті.

Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог-маманы Уәлихан Самат Шоқанұлы мен Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, Әль-Фараби аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Барлыбаева Тұрсынай Орынбекқызы қатысты.

Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.

Діни ағындарға қатысты жастардың теріс ағындардан сақтандыру үшін елімізде түсіндіру жұмыстары көптеп жүргізіліп келеді. Әрі ақпарат ағынының дамыған заманында әрі ғаламтордың иянын гөрі пайдасын көру үшін жастарға арнайы дінге байланысты теріс үгіт-насихаттар таратылуда. Дінді толық білмегеннен жастар түгілі үлкендердің санасы өте тез уланады. Егер дұрыс жолын таңдап білмесе, теріс ағындар адамдарды адастыруы мүмкін. Соның ішінде дінге қатысты теріс үгіт-насихаттар көптің тағдырын талқандағанын көріп, естіп келеміз. Сол себептен, жастар дін туралы ақпараттарды ресми сайттардан ҚМДБ, Дін мәселелерін зерттеу орталығы, орталық мешітімен және мешіт имамдарынан нақты білгендері  дұрыс.

Кездесу барысында бүгінгі жастар отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасу, пікірін тыңдау, қоғамға белсене араласуына көмектесу басты міндетіміз. Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттері қоғамыздағы өзгерістердің барлығына жастардың араласуына бірдей ықпал жасау деп, кездесуге келген қонақтар соғыс кезеңдерінде басынан өткен оқиғаларын айтып, жастарды батыл әрі мықты болуға шақырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика