• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ДІНИ АХУАЛДЫ ЖЕТІЛДІРУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Автор:admin

Апр 11, 2023
Spread the love

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар арасындағы кереғар діни ағымдардың алдын алу» бағытында «Индустриалды – техникалық колледж» МКҚК-нің жастары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.

Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.

Діни ағындарға қатысты жастардың теріс ағындардан сақтандыру үшін елімізде түсіндіру жұмыстары көптеп жүргізіліп келеді. Әрі ақпарат ағынының дамыған заманында әрі ғаламтордың иянын гөрі пайдасын көру үшін жастарға арнайы дінге байланысты теріс үгіт-насихаттар таратылуда. Дінді толық білмегеннен жастар түгілі үлкендердің санасы өте тез уланады. Егер дұрыс жолын таңдап білмесе, теріс ағындар адамдарды адастыруы мүмкін. Соның ішінде дінге қатысты теріс үгіт-насихаттар көптің тағдырын талқандағанын көріп, естіп келеміз. Сол себептен, жастар дін туралы ақпараттарды ресми сайттардан ҚМДБ, Дін мәселелерін зерттеу орталығы, орталық мешітімен және мешіт имамдарынан нақты білгендері  дұрыс.

Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қалматаева Мадина Қайратқызы қатысып, түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары мен оның алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика