• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ДОСТЫҚ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА БІРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Автор:admin

Мар 15, 2023
Spread the love

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі үшінші мегалопистің Қаратау ауданындағы, «Достық» тұрғын алабындағы Шымкент қаласының білім басқармасының «№102 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қоғамдық келісім мәселесіне арналған кездесу ұйымдастырылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.
Кездесуге Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Байқонақов, Қаратау ауданы әкімі аппараты әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы А.Алтынбай қатысты.
2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес кездесу барысында еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтаумен қоса, Ассамблея қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысы, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қатысты, этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу, жалпыұлттық бірлік саласындағы қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдесу мен ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, жастар өкілдеріне оң тәрбие беру мәселелері сөз болып, арнайы дайындалған бейнероликтер әзірленіп, кездесуге қатысуларға көрсетілді, деп хабарлайды «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметіне сілтеме жасаған r-factor.kz.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика