• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ (-3-)

Автор:admin

Июн 21, 2024
Spread the love

Көп ұлтты қазақ мемлекеті үшін бүгінгі діни жағдай маңызды әрі қадағалауды қажет ететіндігін жоққа шығармаймыз. Сондай-ақ үнемі сапалық және сандық жағынан өзгерістерге ұшырап отыратындығы анық.
Бүгінгі таңда қоғамды теріс пиғылды дін ағымдардан сақтандырудың бірден-бір құралы діни сауаттылықты арттыру болып отыр. Қазіргі уақытта бұл мақсатта көптеген жұмыстар атқарылып жатқандығы да белгілі.
Елімізде он төрт діни оқу орыны бар. Олардың екеуі христиан бағытында, он екісі ислам діні бағытында. Бастапқы курстар мен діни мектептердің саны төрт жүзге жуықтайды. Бүгінгі таңда Республикамыздың көптеген жоғары оқу орындарында дінтану мамандығы дайындалып, басқа мамандықтарға дінтану пәні оқытылады. Сондай-ақ барлық мектептердің 9-сыныптарында дінтану пәні таңдау пәні ретінде оқытылады бұл жастардың діни сауат ашуымен қатар, теріс ағымдардың жетегінде кетпеуінің басты құралы болары сөссіз.
Қоғамда зайырлылық қағидаттарымен қатар діни қызмет және ұлттық құндылықтар әрдайым өз арнасымен жалғасып, насихатталып келеді. Оның насихатталуы мен нығаюы – Қазақстан дамуының басты нәтижелерінің бірі. Өйткені дін де ұлттың ұлы құндылықтары тұрақтылық пен бірлікке қызмет ететіні аян. Осы тұрғыдан алғанда, еліміздің тұрақтылығына, дамуына, береке-бірлігімізге нұқсан келтіретін жат түсініктің алдын алу –
әрқайсымыздың негізгі міндетіміз…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика