Екіншіден, жағдайы нашар отбасыларды материялдық тұрғыдан қамтамасыз етеміз деген уәде арқылы қатарларына қосып жатқаны.
Үшіншіден, шетелдік миссионерлердің өз қызыметтерін жоғары деңгейде жүргізуінде болып отыр.
Әлемдік және дәстүрлі діндердің қайсы бірін алып қарасақта, барлығы жақсы қасиеттер мен адамгершілікке тәрбиелейді. Ислам дінінде адамгершілік пен сабырлылыққа үйрететін Құран аяттары мен хадистер жетерлік. Ислам дінінің өзі бейбітшілік деген мағынаны білдіреді.
Өкінішке орай қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарынан және интернет ресурстарынан көретініміз тек лаңкестік оқиғалар мен дінді кері бұрмалаушылық болып отыр. Сонымен қатар, қоғамда неотәңіршілдік яғни ислам дініне тіл тигізу арқылы жоққа шығару сол арқылы діни араздықтар мен талас-тартыстардың туындауына алып келетін ақпараттар белең алуда. Ислам дініне экстремизм немесе терроризм деген ұғымдардың жат екендігі мәлім. Ал қазіргі қоғамдағы ислам атын жамылып келіп жатқан діни ағымдардың мақсаттары мүлдем басқа. Бұл діни ағымдардың астарында еліміздің тыныштығын бұзу, дін аралық алауыздық тудыру сияқты саясиланған мүдде жатқандығы белгілі.
Осы жоғарыда аталған жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі 2011 жылы 11 қаңтарда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң қабылдады, жалпы діни мәселелерге қатысты жұмыстарды «Дін істері комитеті» реттейтін уәкілеттік алды. Сол кездегі жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Ел аумағында тіркелген 46 конфессия, 4551 діни бірлестіктер анықталған болса, 2024 жылдың маусымындағы мәліметтерге сәйкес, 18 конфессия 3977 діни бірлестіктерге азайған. Олардың ішінде, 2835 — исламдық, 347 — православие, 93 — католик, 586 — протестант, 61 — Ехоба куәгерлері, 24 — Жаңаапостолдық шіркеу, 13 — Кришна санасы қоғамы, 7 — иудаизм, 6 — бахаи, 2 — буддизм, 2 — соңғы күнгі әулиелер Иса Мәсіхтің шіркеуі (мормондар), 1 — муниттердің ғибадатханалары қызмет етеді…