• Чт. Май 1st, 2025
Популярные метки

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Автор:admin

Апр 30, 2025
Spread the love
Шымкент қаласының 2025-2029 жылдарға арналған денсаулық сақтау жүйесін дамыту жоспары аясында бірқатар стратегиялық бастамалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде қаланың оңтүстік бөлігінде 400 орындық көпсалалы аурухана мен 200 орындық жаңа перинаталдық орталық салу көзделген. Сондай-ақ, 900 орындық университеттік клиниканың құрылысы да жоспарланған.
Қалада медициналық инфрақұрылым жетіспеушілігін жою мақсатында шалғай елді мекендерде модульдік амбулаториялар салынып, «Қадамдық қолжетімділік» қағидасы іске асуда. Балалар арасындағы семіздікпен күрес, дәрілік заттарды тиімді пайдалану, медициналық туризмнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру сынды мәселелер назарда. «Әлеуметтік әмиян» жобасы арқылы дәрілік заттарды тегін беру жүйесі тиімді ұйымдастырылуда.
Медициналық көмек сапасын арттыру үшін емханаларға 23 жаңа автокөлік сатып алынса, 2025 жылы бұл сан 25-ке жетеді. Ал, жедел жәрдем қызметкерлерінің 100%-ы біліктілік аттестациясынан өтті. Қалада жүргізіліп жатқан реформалар нәтижесінде медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі тұрақты түрде жақсаруда. Осы және басқа да өзекті ақпараттарды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында БАҚ өкілдеріне ұсынды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика