• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

 «Демографиялық өсімнің бірден бір тетігі – отбасы»

Автор:admin

Сен 19, 2022
Spread the love

Зәмір ҚАРАЖАНОВ, саясаттанушы:

Қазіргі таңда біз урбанизация мәселесімен бетпе-бет келіп отырмыз. Бұл өз кезегінде отбасы құндылықтарына өте үлкен әсерін тигізуде.

Менің ойымша мемлекет алдағы уақытта отбасы құндылығын насихаттайтын жаңа тетіктер ойлап тапқаны жөн сияқты.  Айталық, Қазақстанда отбасымен бірге демалатын сауда ойын-сауық орталықтарын неге құрмасқа?

Мұны неге айтып отырмын? Алматыда өткен Универсиада ойындары елімізде отбасылық демалысқа деген сұраныстың жоғары екенін көрсетіп берді. Сайып келгенде, бұл әрбір отбасылы адамның алдынан шығатын сауал. Отбасыңмен бірге қайда барып демалуға болады? Сайып келгенде, отбасыларды қолдайтын әлеуметтік инфрақұрылым жасалған деген ұсыныс бар.

Отбасы құндылығы деген не? Жалпы бұл ұғым, бұл түсінік демография мәселесімен тығыз байланысып жатыр. Бұл ретте сіздерге «демографиялық дүмпуге» әсерін тигізген Америка тәжірибесін айтып берейін.

Америкада бұл мәселені деурбанизация жолымен шешті.  Билік қаланың шетінде жеке үйлерде тұратын отбасыларға көмектесе бастады. Бұл амал өз кезегінде көп балалы отбасыларды сақтап қалу себеп болды. Бәлкім, бізге де бұл тәсілді пайдаланып көрген жөн шығар.

Осы арқылы шет елді-мекендерде тұратын отбасыларды қолдап, қолпаштау жобасы жасалса тамаша емес пе?

Сосын жоғарыда ажырасу мәселесін тілге тиек еттіңіздер. Иә, оның себептері көп. Сонымен қатар менің ойымша медицина қызметін сапалы қылу керек. Перзентханалардағы медициналық қызметтің сапасын жақсартсақ бұл біздің отбасы құндылықтарын дамуға қосқан үлкен бастама болар еді. Отбасы – баланың әлеуметтенуінің алғаш­қы факторы. Толық емес отбасын­да, бұл процесс отбасының қалыпты құры­лымының жоқтығынан өзгереді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сүйен­сек, кішкентай бүлдіршіндер ата-анасының ажырасуы салдарынан пси­хологиялық зардап шегетіні анық­талды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы туындаған кикілжіңдердің салдарынан бала­лар депрессияға ұшырайды және дамуының артта қалуына бейімді болып келеді. Осылайша ажырасу фактісі бала­ны ауыр психологиялық салдарға (құ­қық бұзушылыққа, суицидке, өз-өзіне сенім­сіздікке) душар етеді. Толық емес отбасының проблемасы – баланың әлеуметтенуінің бұзылу проблемасы.

Қоғам ішін жегіқұртша кемірген бұл мәселе қатаң шаралар қабылданып, дер кезінде шешімін таппай, осылай жалғасын таба беретін болса, өте қиын. Сон­дықтан ұлттық құндылықтарды қастер­леудің заңдық жауапкершілік нор­масын енгізу бүгінгі күннің талабы деп есептеймін.

 

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика