• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Демографиялық саясат саласында қалыптасып отырған мәселелер

Автор:admin

Окт 4, 2022
Spread the love

Қазақстанда тұрғындар санының азаюының басты себептерінің бірі – көші – қондық теріс сальдо. Көші-қондық процестің қарқынды жүруі 90 жылдары бұрыңғы кеңестер Одағы құрамындағы елдердің бәріне де тән қалыптасты. Көші – қондық теріс сальдо 90-жылдардың басынан бастап барлық облыстарда орын алды. Әсіресе, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Семей Талдықорған облыстарында жоғары деңгейге жетті. Соның нәтижесінде Қазақстан халқының саны 1993 жылға қарай қысқара бастады, оның орнын табиғи өсім жаба алмады. Көші-қон процесінің барысында 1993 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта тұрғындар саны 1637,3 мың адамға қысқарды 1994 жылы 410,4 мың адам республикадан көшті. Қазақстаннан көшушілер, негізінен, толу шетелдерге қоныс аударды. ТМД елдеріне көшушілер саны 1132,6 мың адамға жетті. Олардың басым көпшілігі Ресейге көшті 1990 жылы көші –қоншылардың 74 проценті, 1999 жылы 89,8 пайызы сонда барып орнықты. Қазақстаннан көшушілердің азаюына байланысты Ресейге көшіп барушылардың саны 2 еседен астам қысқарды. Ресейге көшушілер легінің азаюы онда еңбек рыногы толғандығын айғақтайды. Ресейден кейін толу шетелдер арасында қоныс аударушыларды қызықтыратын елдер қатарына Белорус, Украина және Өзбекстан жатады. Демографиялық процестердегі келеңсіз жәйттерге қарамастан, елде біртіндеп ілгерілеушілік байқалуда. Мәселен, өлім-жітім, ажырасу секілді, т.б. теріс көрсеткіштер, көші – қондық процестердегі теріс сальдо бәсеңдеді. Бұл – елдегі демографиялық ақуалдың жақсарып келе жатқандығын айғағы. Үкіметтің осы бағыттағы қызметіне үлкен үмітпен қарауға болады. Ең бастысы, қазіргі демографиялық мәселедегі басым бағыттарды дәл анықтап, оны шешудің тиімді жолдарын таба білу керек. Осыған орай әлемде индустриализация мен урбанизацияныңжоғары қарқынды жүруінен туындап жатқан ғаламдық сипатқа ие мәселелер бар екендігі де ескерілуі тиіс. Ондай мәселелер қатарына «өркениет ауруы» атанған-туудың азаюы, өлім –жітімнің өсуі, тұрғындар құрамында қариялардың көбеюі секілді құбылыстарды жатқызуға болады. Бұлмәселелер қоғамдық пікірде алаңдаушылық туғызуда. Бүгіндері демографиялық саясат саласында қалыптасып отырған мәселелерді шешу аса маңызды мәселе. Сондықтан оның ауқымы және халықтың қоныстануы жоғары кәсіби деңгейде жан-жақты талданғаны абзал, әрі оның нәтижелері объективті тұрғыда ашылып көрсетілуі тиіс. Туындаған мәселелерді шешу қоғамдығы тұрақтылық пен Қазақстан Республикасының болашағын қамтамасыз етуге бағытталған демографиялық саясаттың табысты жүруіне тікелей байланысты.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика