• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Демография: Қазақстан халқының орташа өмір сүру жасы 72-ге жетті!

Автор:admin

Окт 4, 2022
Spread the love

Атап өтер жайт деректер барынша дұрыс әрі нақты болуы үшін барлық жағдай жасалған. Оның ішінде деректер факторына адам факторының әсерін барынша азайту, ЖСН қолдану арқылы сенімділік деңгейін жоғарылату, ақпараттың қайталануына жол бермеу шаралары қарастырылған. Санақтан онлайн өтушілер арнайы мобильді қосымшаның көмегімен интервьюер кіріктірілген арифметикалық және логикалық бақылауды ескере отырып сауалнама жүргізе алады. Ал алынған мәліметтер тікелей ортақ дерекқорға жіберіліп отырады. Шыны керек басында халқымыз санақтағы түрлі сауалнамалар да сескеніп те қалған болатын. Алайда халықтың жағдайымен жете танысып, соған сай әрекет етуді ойлаған мемлекетіміздің бұл қадамы құптарлық екенін байқап отырмыз. Қазір халықтың тұрып жатқан жылжымайтын мүлкінің жағдайына шейін білу арқылы қаншалықты қауіпсіздігі қамтылғанын анықтау мүмкіндіктері ескеріліп отырғанын түсінуге болады. Ал ұлттық санақ жұмыстары біткен соң санақты ұйымдастырушылар қолданған электронды планшеттерді тиісті аймақтардағы мектептерге беру жоспарланған. Яғни санақ кезінде қолданылған планшеттерді де санақ біткен соң халық игілігіне сай қолдану алдын ала шешілген. Жалпы еліміздегі жасалып жатқан жұмыстар мен қабылданған мемлекеттік бағдарлама, заңдардың барлығы халық игілігі үшін екені даусыз. Сондықтан санақтан соң да мемлекетіміз халықтың тұрмыс тіршілігін ескерген, келелі жобаларды қолға алады деген үміт зор! Тәуелсіздік алған жылдардан бастап еліміз ұлт денсаулығын басты назарда ұстап келеді. Соның дәлелі осы бағытта бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, олар толығымен іске асырылды. Атап айтсақ «100 мектеп, 100 аурухана», «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» бағдарламаларының нәтижесінде еліміздің түкпір түкпіріндегі ескі ауруханалар жаңарып, кейбір медициналық ғимараты жоқ өңірлерге заманауи жарақтанған ауруханалар салынды. Халық ем іздеп аудан мен облыстарға шабылмасы үшін ауылдық жерлерге медициналық амбулаториялар салынып, пайдалануға берілді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы арқасында медициналық көмектің қолжетімділігі артып, дәрігер жетіспеушілігі мәселесін шешуге көңіл бөлінді. Жалпы осынау мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде Қазақстан халқының орташа өмір сүру жасы 72-ге жетті, халық саны 18 миллионнан асты, ел ішіндегі туу көрсеткіші көбейді. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілуі жақсарды. Мемлекет басшыларының да жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында ел медицинасының мәселелері шет қалмай үнемі атап өтіліп, шешу жолдары қарастырылуда. Тағы бір атап өтер жайт,  Қазақстанда дүниежүзілік стандартқа сай ауруханалар мен емханалар салынып, ғалымдары, дәрігерлері әлемнің үздік емдеу орталықтарында білім алып, еңбек жолын елімізде жалғастырып жатыр. Қазір көптеген қиын оталарды шекара аспай ақ өз елімізде жасау мүмкіндігі артып отыр. Мұның барлығы еліміздегі демографиялық саясатта халық саулығының айрықша орны бар екенінің бір дәлелі деуге болады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика