Төлеби ауданында жоспарлы алдын алу іс-шарасын өткізу аясында полицейлердің назары көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылды.
Тәртіп сақшылары сенбі, жексенбі күндері жүргізген рейд барысында жалпы 182 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 151-і жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша.
Мәселен ұсақ бұзақылықтың-9, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрудің — 6, абаттандыру ережелерін бұзудың — 12, мал жаю ережелерін бұзудың- 2 дерегі анықталды.
Бұдан басқа, техникалық байқаудан өтпеген -8, автокөлікті басқару кезінде телефонды пайдаланған — 6, қауіпсіздік белдігін тақпаған — 37, маневр жасау ережелерін бұзған-5 және мас күйінде көлік басқарған -1 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзған 23 жаяу жүргіншіге әкімшілік шара көрілді. Айыппұл тұрағына 7 көлік орналастырылды.
Өз кезегінде полицейлер қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бұзудың алдын алу бойынша осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жүргізілетінін атап өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.