• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Гендерлік теңдік: Екі жыныс өкілдерінің қоғамда өзіндік міндеттері бар!

Автор:admin

Окт 2, 2022
Spread the love

Стратегия жүзеге асыру мақсатында Үкімет бекіткен қаулы бойынша іс-шаралар жоспары жасалуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің сөзіне қарағанда, ортамерзімді іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін «Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарлама аясында республикалық қазынадан 30 млн теңге және «Гендерлік теңдікті қамтамассыз ету және отбасылық жағдайды жақсартуды дамыту шаралары» бағдарламасы бойынша 38,4 млн теңге бөлінген. Гендерлік теңдік стратегиясында шешім қабылдау деңгейіндегі нәзік жандардың үлесін 35 пайызға жеткізу көзделген. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі бюджеттерді және әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдар­ламасын дайындау үдерістерінде гендерлік көзқарасты енгізу қолға алынып жатыр. Бүгінгі таңда шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің қатысуының жалпы көрінісі төмендегідей. Қазақстан Республикасы Парламентінің құрамында 22 әйел бар. Бұл депутаттардың жалпы санының 15% құрайды. 3 әйел облыс әкімдерінің орынбасарлары, 5 нәзік жан аудандарды басқарады. Аудан басшылары орынбасарларының 18% ауылдық және селолық округтер әкімдерінің 12% әйелдер. Биліктің ең жоғарғы лауазымының құрамында 2 әйел министр, 4 жауапты хатшы, 6 вице-министр әйелдер өз қызметін атқаруда. Атап өткен көрсеткіш жалпы дүниежүзілік орта стандартарға сәйкес, дегенмен біз 2016 жылғы жоспарлы мерзімде саяси аренадағы әйелдер үлесінің 35% кем болмауын назарда ұстаймыз. Бұл – ұлттық комиссия, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің нақты әрі лайықты мақсаты екен. Міне көріп отырғаныңыздай, уақыт өткен сайын қарапайым ғана шындықты қоғамға мойындату қиынға соғып барады. Өйткені, әлемді билеуші күштер дүниежүзілік соғыстарын тоқтатқан соң, ой майданында жаңа соғыс бастады. Осының бірі отбасының табиғи тепе-теңдігін, тыныштығын бұзуға бағытталған гендерлік саясат. Әйел теңдігі мәселесін қан­ша даурықтырғанымен, шындап келгенде, жаратылыс тұрғы­сынан әйел мен еркек тең емес. Әрқайсысы өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленеді. Егер бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ өзара тең жаратылыс болғанда, Алла тағала еркек-әйел етіп бөліп жатпай, бәрін біркелкі әйел немесе еркек етіп жаратар еді ғой. Еркек пен әйел үнемі табиғатындағы өздеріне тән ерекшеліктерімен екеуі бірін-бірі толықтырып отырады. Қазақ «Екі жарты бір бүтін» дегенді бекер айтпаған. Әйел денедегі жүрек болса, еркек сол денедегі ақыл іспеттес. Жүректі ақылдан немесе ақыл жүректен артық деп айту мүмкін емес. Екеуі өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін жалғастыра алады. Сондықтан, әйел еркектен жоғары немесе төмендеу, жалпы алғанда дұрыс айтылған сөз емес. Осындай да, Тұрмағанбет ақынның айтқаны еріксіз ойға оралады. Әйел көктен түскен жоқ, Ол – еркектің баласы. Еркек жерден шыққан жоқ, Әйел оның анасы. Екі жыныс өкілдерінің қоғамда өзіндік міндеттері бар.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика