• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Гендерлік саясат отбасындағы ер азаматтардың рөлі!

Автор:admin

Окт 3, 2022
Spread the love

Қай дәуірде болсын, қазақ қоғамында әйелдің абыройы мен ер азаматтардың намысы алға қойылған болатын. Қазақ халқы әйел затының абыройын биік ұстағандығы тарихымыздан белгілі. Әйел адамдардың өз елінің үмітін ақтап, намысын қорғағаны да рас. Ал қазір, жергілікті деңгейде әйелдерді белсенділікке тарту барысындағы тапсырмаларды орындау — Қазақстанда да гендерлік саясаттың өз үлгісін жасады. Осы тұста Мұхтар Әуезовтің: «Қай уақыта қай халықта болсын, білім жолында жұрт қатарына жетерік халық болу жолында ең керекті шарт – ақ жүректі екпінді ерлер. Халықты іргелететін дөңгелек солар. Оларсыз мақсатқа жақындау мүмкін емес. Бұлай болғанда алғашқы сөзімді қайта айтамыз. Адам баласы тағы болып, еркегі хайуандық дәрежесінде жүргенде әйелден бала туып, ол балардың бәрі де жастық, қорғансыздықта анасының айналасына үйіріріліп үй ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын кіргізген. Бұған қарағанда адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген – әйел. Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ тарақияты әйел халіне жалғасады. Сол себепті, әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ мешел болып қалам демесең, тағлымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін түзе!» — деген сөзі еске түседі. Әрқашанда батылдық көрсетіп, көшті бастай аламын деген әйел затының қолынан қақпаған, олар қашанда сыйлы болған. Оның бір ғана дәлелі сақ патшайымы Томирис, шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк, желтоқсанның ызғарына қарамастан өз құқығы үшін жан беруге шыққан Ләззат Асанова. Бұл нәзік жанды деген аты ғана болмаса, ерлерден кем түспейтін ерлік жасаған аруларымыз әрбір қазаққа үлгі болды. Осылардың ізімен келе жатқан өскелең ұрпақтың да бойына жігер бітіп, намысы оянады. Батыр аналарымызды, қыздарымызды дәріптеу ұлттық рухымызды көтермесе, төмендеткен кезі болмаған.

Алайда, батыс өркениеті деп, шетелден үлгі аламыз деп жүріп, асыра сілтеулер де орын алғаны мәлім. Гендерлік саясатты жақтайтын әйелдерге қарсы шығып, өз құқықтары үшін ғана ерлермен теңескісі келген жандарды даттап, олардың ұстанымын сәті түссе көздеріне шұқып көрсететін ерлердің бар екені қынжылтады. Әрине, қоғамда әйел-еркектердің пайда болғаны кімге жақсы?! Осындай ерлердің міндетін әйелдер жасамағанда кім атқарады деп ойлайсыздар?! Қазақта қашанда ер азаматтың орны жоғары болған. Ол отбасынан берілетін тәрбие. Алайда, ерлердің ұсақталып бара жатқанын әйелдерден көретіндердің пікірі дұрыс дегенге келісе алмаймын. Бірі «әйел бастаған көш оңбас» дегенді алға тартатын болса, оған жауапты жоғарыда көрсетіп кеттім. Демек, қоғамда болып жатқан қайшылықтардың себебін әйел затынан көру асқан қателік.

Өзіңізге мәлім Абылай ханның түсінде де арыстанның ең ұсақ бақа-шаянға бірақ айналғандығы бар. Қазіргі қоғамның көрінісі сол түстің орындалғандығын білдіре ме?

Заманына қарай адамы деп жылы жауып қойғанға, ұлтымыздың болашағы жас ұрпақтың қолында екені еске түседі. Олай болса, тәрбиені бесіктен бастап, алдымен ұлттық құндылықтарымызды жете үйреткеніміз жөн. Содан асып жатса, батыс өркениетінен де үлгі алармыз.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика