Қазіргідей қайшылыққа толы кезеңде қазақстандық қоғамға тән гендерлік саясаттың жаңа еуразиялық моделі қалыптасқанына бәріміз куәміз. Осыған сәйкес, Қазақстандағы гендерлік саясаттың өзіндік мақсаттары айқындалды.
Олар – әйелдер мен ерлердің күштік құрылымдарда теңгерімді қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздікке, жеке ісін дамыту мен қызметтік өсуде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасында өзіндік құқықтар мен міндеттерді тең дәрежеде жүзеге асыру үшін тиісті жағдай жасау, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады. «Қазір ғылым, білім, техника, ақпарат, сауаттылық заманы. Ерлердің ісі болып есептелетін салада әйелдердің саны артып келе жатқандығын кімде болса мойындайды. Саясатпен басқару саласында әйелдердің өз орнын табуына мүмкіншілігі жеткілікті, өйткені саясатта қара күш емес, біліктілік пен қабілеттілік қажет.Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Конституцияның 14-бабы 2-тармағына сәйкес, ешкім тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешқандай кемсітуге болмайды.
Елбасымыздың жолдауында «Қазақстан -2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғау қарастырылған. Жалпы қазақ халқында ананың орны әрдайым төр. Арнайы құжат, заңсыз-ақ халқымыз қыз баланы болашақ ана деп, оның тәрбиесіне аса ыждағаттылықпен қарап, зор көңіл бөлді. Осы тарихи негізі бар ұғымдар мемлекетіміз гендерлік саясаттың іргетасы болуы тиіс. Гендерлік саясаттың мақсаты-бөле жармай екеуіне де қоғамнан өз орнын табуына теңдей мүмкіндік беру. Қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі ретінде- гендерлік саясат болып табылады.
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат — шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат — мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр.
R-ақпарат