• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Гендер: әйелдер істері бойынша Қазақстандағы отбасылық жағдай!

Автор:admin

Окт 1, 2022
Spread the love

Қазақстан Президенті жанын­дағы Әйелдер істері және отба­сылық-демографиялық саясат жө­ніндегі Ұлттық комиссия жұ­мыс істейді. Оның құрамына экономика мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы қоғамның көр­некті өкілдері кіреді. Ана мен бала денсаулығын қорғау, жүкті әйелдерді, бала тууға байланысты демалыстағы әйелдерді, сондай-ақ көпбалалы аналар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған әйелдерді әлеуметтік қорғау бойын­ша барынша мемлекеттік қолдау қамтамасыз етіліп отыр. Бала туу және бала асырап алу кезінде біржолғы материалдық қолдау жүйесі, аналар мен әкелердің ген­дерлік теңдігін қамтамасыз ете отырып және күтуші ата-ананың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қосатын үлесіне қарай бір жасқа дейінгі бала күтімі кезінде отбасын материалдық қолдау жүйесі құрылды. Бүгінде әйелдер жұмыспен қамтылған халықтың 48,2%-ын құрайды. Нәтижесінде, 2019 жылы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Жұмыс істейтін әйел­дер, ерлерге қарағандағы үлес» көрсеткіші бойынша Қазақ­стан 26-орынды иеленді (салыстырма үшін Ресей – 45-орын, Украина – 46-орын). Әйелдердің белсенді рөлі кәсіпкерлікте де көрінеді. Бүгінде Қазақстандағы әйелдердің бизнес­тегі үлесі 43,3%-ды құрайды. Бұл ретте 2020 жылдың қорытын­дысы бойынша әйелдер барлық кәсіпорынның үштен біріне жуы­ғының басшылары екені белгілі. Оның ішінде 28,3%-ы шағын кәсіпорындарды, 33,2%-ы орта кәсіпорындарды және 18%-ы ірі кәсіпорындарды басқарады. Қазақстандық әйелдер еліміз­дің қоғамдық-саяси өміріне бел­сенді қатысуда. Мәселен, бүгінде Қазақстан парламентінің төменгі палатасында әйелдердің үлесі 26,5%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 17,8%-дан аспаған. Саяси лауазымдарды 65 әйел атқарады. Олардың арасында агент­­тіктердің төрағалары, ми­нис­трлер мен вице-министр­лер, Конституциялық Кеңестің, Ор­талық сайлау комиссиясының мүшелері, Төтенше және өкілетті елшілер, өңірлердің әкімдері мен әкімдер орынбасарлары және басқалар бар. Осы жетістіктер мен қабыл­данып жатқан шаралар Қазақ­станның №5 ОДМ-ға және қоғам­дағы тең құқықты сақтау мәсе­лелеріне жоғары бейілділігін көр­сетеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы «Халық бірлігі және жүйе­лі реформалар – елдің өркен­деуінің берік негізі» атты Жол­дауында әйелдердің қоғам­дағы экономикалық және саяси ұста­нымдарын барынша қолдауды қамтамасыз ету жөнінде міндет қойып, еліміздегі 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасына өзге­ріс­тер енгізуді тапсырды. Осы­ны, сондай-ақ ОДМ бойынша қа­былданған міндеттемелерді ескере отырып, гендерлік саясатты іске асыру біздің қоғамның әрбір мү­шесі үшін тең құқықтар мен мүм­­кіндіктерді қамтамасыз ету қағи­датын ұстанатын Қазақстан үшін әрқашан басым сипатқа ие болады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика