Еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 15-16 мамыр күндері «Өрт-2024» Республикалық командалық штабтық жаттығу өтуде.
Бүгін Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округі аумағында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, Алмалы ауылдық округі әкімшілігі, Түркістан-Сырдария өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалы және Бадам орман шаруашылығы қызметкерлерінің қатысуымен дала орман өрттерін сөндіру бойынша іс- жүзінде практикалық оқу жаттығу өткізілді. Оқу жаттығу барысында аудан әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев пен Бәйдібек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Полковник Қанат Әуелбеков оқу жаттығудың мақсатын түсіндіріп, алдағы өрт қауіпті кезеңде бірлесіп шұғыл әрекет ету, өртті дер кезінде сөндіру бойынша дайындықтарын қарап, түсіндірді.
Оқу жаттығу барысында өрттен зардап шеккендерге жедел жәрдем мекемесі мамандарының алғашқы медициналық көмек көрсетуі, таулы байланыс жоқ аймақтарда байланыс орнатуға Қазақтелеком мамандары да жұмылдырылды. Оқу жаттығу аймағында қоғамдық тәртіп сақшылары да өз қызметтерін атқарды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі