Бәйдібек ауданы прокуратурасының ұйымдастырумен аудан аумағындағы 2023 жылдың өткен мерзіміндегі құқық бұзушылықтың жай-күйі, өсу тенденциясы бар қылмыстарды саралау, орын алу себептері мен жол берілген кемшіліктерді анықтау, алдын-алу мақсатында атқарылатын шараларды талқылау, жол көлік оқиғалары мен мал ұрлығы, аудандық пробация қызметінде есепте тұрғандармен қайта қылмыс жасаудың алдын-алу және бұл бағытта атқарылып жатқан әлеуметтендіру шаралардың тиімділігі тақырыптарында мекемеаралық мәжіліс ұйымдастырылды.
Мәжіліске жергілікті атқарушы, құқық қорғау, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Жиналыс қорытындысымен айтылған ұсыныстар назарға алынып, аудан әкімі Е.Шәріпбеков пен аудан прокуроры М.Байтелиев мемлекеттік мекеме басшыларына құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған шараларды қабылдау және бірлескен жұмыстарды жандандыру жөнінде тапсырма берді.
Атқарылған жұмыстар нәтижесі желтоқсан айында өтетін мекемеаралық мәжілісте талқыланатын болып шешілді.