Бәйдібек ауданының прокуратурасы және аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен бүгін Бәйдібек ауданының шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге арнайы Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Түркістан» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қаржы және «Ауыл аманаты» бағдарламасының мониторингі жөніндегі ұйымның, «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС басшылары қатысты.
Жиынның мақсаты «Ауыл аманаты» жобасы мен оның жаңа алтыншы бағыты бойынша қаржыландыру бағдарламасын кәсіпкерлерге жеткізу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әкімшілік кедергілер мен құқықтарының бұзылуының алдын алу.
Кәсіпкерлер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстары назарға алынды.
Кездесу жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.