Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Азат» шағын ауданында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында кездесу өтті. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері, «Азат» шағын ауданының тұрғындары, белсенді азаматтары және жастары қатысты.
Жиында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау, мемлекеттік этносаясатқа қатысты құқықтық тұрғыдағы ақпараттар, қолданыстағы заңнамалардың сақталуы, жастардың міндетті әскери борышты өтеуі, т.б. мәселелер сөз болып, өзара пікірлер алмасылды.
Жиында еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтау, ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, өскелең ұрпақ – жастарға оң тәрбие беру мәселелері туралы жан-жақты сөз болды.
«Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту — мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі өзегі. Бұл саладағы Қазақстан халқы Ассамблеясы өз міндетін ойдағыдай атқарып, еліміздің тұрақты дамуына негізделген, үнемі ел басшылығының назарындағы, ұзақ мерзімді стратегиямыздағы үздіксіз үдерісі болуда.
«Ассамблея – азаматтық қоғам мен мемлекеттің қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі мүмкіндіктерін үйлестіретін негізгі институт. Бұл бағытта азаматтық қоғам институттарының әлеуетін пайдалану — саяси мәдениет пен саяси сауаттылық деңгейін көтеруде маңызды.
Өзекті мәселелерді талқылап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, талқылау аясында барлық өңірлерден келген сессияға қатысушылар жұмыс тәжірибесімен және қоғамдық келісімді нығайту бойынша жобаларымен бөлісті.
Сондай-ақ, Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері мен сарапшылар интернетте пайда болған этникалық және тілдік арандатуларға қарсы қатаң шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері еліміздің тұтастығын, бостандығын, тәуелсіздігін қорғауға дайын болуды парыз санайды. Бұл — барша қазақстандықтардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық мүшелерінің міндеті. Сондай-ақ, олар Қазақстан басынан өткерген сынақтар Қазақстан халқын жігерлендірілгенін баса айтты. Ал еліміздің барлық негізгі салаларындағы түбегейлі реформалар — Қазақстанның одан әрі дамуына ықпал етті. Мемлекеттік тілдің рөлін нығайта отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау, Мемлекет басшысы әрбір сөзінде айтатын «бірлік әралуандықта» және «біз — әртүрліміз, бірақ, біз — теңбіз» қағидаттары — еліміздің негізгі құндылықтары екеніне сенімді.