• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

БІР НҮКТЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Автор:admin

Апр 9, 2024
Spread the love

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы М. Қабденовтың нұсқауына сәйкес Созақ ауданы аумағында аптаның сенбі, жексенбі күндері бір нүктелік іс-шарасы өткізілуде. Негізгі мақсат-көшелер мен қоғамдық орындардағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Аталған рейдтік шара Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Бекзат Нұрланұлының қатысуымен өтті.
Профилактикалық шарада, пробациялық есептегі азаматтар мен мерзімінен шартты түрде босатылған азаматтар тексеріліп, бақылау жұмыстары күшейтілді. Қараусыз жүрген үй жануарларының иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, заң бұзушылықтарға жол берген автокөлік иелеріне әкімшілік хаттама толтырылды.
Өз кезегінде полицейлер, қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністік танытып, заңға қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуді сұрайды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика