• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, АКАДЕМИК АСҚАРБЕК ҚАБЫКЕНҰЛЫ ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Автор:admin

Май 21, 2024
Spread the love

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының басты мақсаттарын орындау аясында атқарылып жатқан жұмыстарды педагогикалық және ата-аналар қауымы арасында кең насихаттау мақсатында «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновтың ашық дәрісі өткізілді.
Ашық дәріс Шымкент қаласы С.Нұрмағамбетов атындағы №72 ЖОББМ базасында өтті.
Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов Германияның Доктор-инженері (1979), педагогика ғылымдарының докторы (1997), профессор (1999), Педагогика Ғылымдар Академиясының президенті, Абай атындағы ҚазҰПУ мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001), «Парасат» орденінің иегері (2019), «Педагогика ғылымын дамытудағы еңбегі үшін К.Д.Ушинский медалімен (Ресей, 2007) марапатталған.
Қазақстанда Салыстырмалы педагогика (СП) ғылымының негізін салған, Бүкілдүниежүзілік салыстырмалы білім беру қоғамдары кеңесінің (СББҚИ) (2006) және Оңтүстік шығыс Азия елдерінің СББҚК (2009) Ақтарушы комитетінің мүшесі, Есімі Халықаралық салыстырмалы білім беру энциклопедиясына енген (2011) және Әлемдегі көшбасшы компаративист ғалымдарының қатарына жазылған (А.Н.Джуринский, СП. М., 2013, 26 б.).
Қазақстан мен шет елдердің 15-ке тарта академиялары мен ЖОО-ның академигі және құрметті профессоры. 250-ден аса ғылыми еңбектерінің авторы. Жеке өзі 3 оқулықтың, 7 монография, 4 кітап, 100-ге тарта ғылыми мақалалар және БАҚ-қа 130-ден аса мақала жазған. Scopus және Web of журналдарына 10-нан аса мақаласы жарияланған.
Ашық дәріске әдістемелік орталық басшылары, әдіскерлер, ата-аналар комитетінің жетекшілері, білім мекемелерінің бірінші басшылары, директор орынбасарлары, жалпы саны 500-ден астам педагогтер қатысты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика