• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

“Біз Туберкулезді жеңе аламыз” тақырыбында шаралар өтті

Автор:admin

Ноя 7, 2023
Spread the love

Ордабасы ауданы Төрткүл ауылына қарасты Қызылжар, Бөген, Қ.Сыпатаев, Б.Төлепбаев, Төрткүл жалпы орта мектептерінің оқушыларына мектеп мейірбикелері Туберкулез ауруының алдын алу мақсатында “Біз Туберкулезді жеңе аламыз” атты лекция, дөңгелек үстел, семинарлар өткізілді. Түсіндірме жұмыстары слайдтар, плакаттар, үнпарақтар арқылы жүзеге асты. Кері байланыс ретінде сауалнамалар жүргізілді. Оқушылар жас санаттарына қарай «Туберкулез” тақырыбында диктант жазды

Туберкулез ауруынан емделген науқас қоғамға қауіпті емес. 1993 жылдан бастап 24 наурыз Дүние жүзілік Денсаулық сақтау ұйымының шешімімен Дүние жүзілік туберкулезге қарсы күрес күні болып белгіленді.
Жұқпаның негізгі көзі – ашық түрдегі туберкулезбен ауратын науқас адам, себебі ол науқастан туберкулез таяқшалары бөлінеді. Ауаға бөлінген туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға өте төзімділігімен ерекшеленеді. Көше шаңдарында бактериялар өмір сүру қабілетін 3 айға дейін, науқастың киімі мен төсек жаймасында 3-4 айға дейін, суда 5 айға дейін сақтаса, қарда шексіз сақталады. Жұқпалы туберкулез түрімен ауыратын науқас тиісті ем қабылдамаса, жылына 10-15 адамға дейін жұқтыру мүмкін. Алайда туберкулез таяқшаларын жұқтырғандардың барлығы науқас болып саналмайды, себебі иммундық жүйе қоздырғыш үшін тежеу бола алады. Иммундық жүйесі әлсіреген адамның ауруға мүмкіндігі жоғары. Көптеген адамдар өмір бойы туберкулез бактериясын жұқтырған болуы мүмкін, бірақ аз ғана бөлігінде ауру дамиды. Туберкулез жұқтыру барысында аурудың дамуы мен ауру ағымына ықпал ететін фаткорлар көп. Бұл – әлеуметтік тұрмыстың төмен болуы, дұрыс тамақтанбау, психологиялық күйзелістер, қосымша аурулар (қант диабеті, созылмалы өкпе аурулары, АИТВ/ЖИТС), зиянды әдеттер.
Туберкулездің алдын алу шаралары:
1. БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 2-4 күндерінде міндетті түрде салынады. Келесі ревакцинациясы 6-7 жаста жасалады. Бұлар өз кезегінде туберкулездің асқынған және өлімге апаруы мүмкін түрлерімен ауырмайды.
2. 2. Уақтылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін білу қажет. Өкпе туберкулездің уақытылы анықтау үшін жылына 1 рет, флюрографиялық тексеру жүргізіледі. Балалар арасында туберкулез таяқшаларын жұқтырғанын уақытылы анықтап, дер кезінде туберкулез ауруын алдын алу және баланы сауықтыру мақсатында бір жасынан бастап, жылына 1 рет Манту сынамасы салынады. Нәтижесі 72 сағаттан кейін жарық жерде мөлдір сызғыштың көмегімен терінің ұлғайған жері өлшенеді.
3. Жеке бас гигиенасы ережесін сақтау – жуу құралдары мен ағын суды пайдаланып қолды, ыдысты жуу, бөлмеге ылғалды тазалық жүргізу және желдету.
4. Дұрыс тамақтана отырып (ет,сүт өнімдері,балық, дән тағамдары, көкөністер мен жидектерді асқа жеткілікті мөлшерде пайдалану) , салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты түрде денешынықтыру жаттығуын жасау, қалыпты демалыс, таза орта, темекі, есірткіден аулақ болу.
5. Жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану.
Ең бастысы туберкулездің бактерия бөлінбейтін түрімен ауыратын науқас қоршаған ортаға зиян келтірмейтінін есте сақтағанымыз жөн.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика