Ішімдікке тәуелділіктің алдын алу шаралары:
Бастапқы алдын алу — маскүнемдіктің алдын-алу әңгіме түрінде жүзеге асырылады, бұл алкогольге тәуелділіктің пайда болуына жол бермейді. Бұл әңгімелер, әртүрлі бейнелерді көру және зиянды сусындарды тұтынатын адамдармен сұхбат курсын тыңдау. Осы аурумен күресетін адамдар көп жиналатын орындарға шығып, салауатты өмір салтын насихаттайды. Әңгімелесу оқушылармен және студенттермен, жұмыспен қамту биржаларында және жастармен жүргізілуі керек.
Қайталама алдын алу шаралары маскүнемдікпен ауыратын науқастарды емдеуге бағытталған. Бұл бағдарламаға науқастың отбасымен жұмыс, оның бұрынғы маскүнемдермен кездесуі, сұхбат және кең әлеуметтік-психологиялық көмек кіреді.
Үшінші алдын алу шаралары маскүнемдіктен айыққан адамдарға көмек көрсетуге бағытталған. Бұл бағдарламаға психологиялық кеңес беру және анонимді маскүнемдер қоғамына бару кіреді.
Жаһандану қарқынды жүріп жатқан уақытта өмір сүріп жатырмыз. Ел болашағы-жастардың бойында отансүйгіштік пен еңбекке деген құрметті қалыптастыру, адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу, ұлттық құндылықтарды дамытудың маңызы артып келеді. Өйткені әлеуметтік желілерден алынған, сүзгіден өтпеген ақпараттардың шамадан тыс көптігі өскелең ұрпаққа оң әсерімен қатар елеулі қауіп-қатер де төндіріп отырғаны жасырын емес. Сондай жағымсыз әдеттердің бірі — нашақорлық.
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Президенттің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып белгіленгені баршамызға белгілі…