Шымкент қаласы «АMANAT» партиясы жанындағы «Жастарды қолдау» кеңесі және Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильді орталығының ұйымдастыруымен «ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС» партиялық жобасы аясында жастарға арналған жылжымалы қоғамдық қабылдау пункті өтті.
Аталмыш шараға Шымкент қаласы бойынша 50-ден аса жұмыс беру мекемелері қатысып, 1000-ға жуық бос орындармен жастарды қамтыды. «Осында және қазір» форматындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі арқылы ұзақ күтусіз немесе іріктеусіз тікелей жұмысқа орналасу мүмкіндік береді.
Мақсаты – жастарды толғандыратын өзекті мәселелерді анықтап, оларды бірлесе шеше отырып, алаңдатқан сұрақтарына жауап беру. Тұрғын үй, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау мәселелері бойынша да тегін консультативті кеңестер беріп, жұмысқа орналастыру басты назарға алынған.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильді орталығы директорның орынбасары Жұлдыз Балтабаева, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары Бөкейхан Абишев және Алина Дубинина қатысты.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін 1,5 миллионнан астам жасты жұмыспен қамту міндеті қарастырылған.
Ұйымдастырушылар жәрмеңкенің мақсаты жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектерін және жастарды жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмысқа орналастыру болып табылатынын атап өтті.
Айта кетейік, жәрмеңкеге қаланың 30-дан астам жұмыс берушісі қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Жастар үшін бұл бос жұмыс орындары нарығын өздері қалаған салада зерттеуге және бірнеше жұмыс берушілермен бір жерде тікелей сөйлесуге тамаша мүмкіндік.
Айта кету керек, бос орындар жәрмеңкесі компаниялар үшін де, ізденушілер үшін де ақысыз негізде өткізіледі.
Сонымен қатар, жәрмеңкеде халықты жұмыспен қамту, «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кеңес алуға және мемлекеттік гранттар туралы білуге болады.
Осы орайда, «Жастар Рухы» Жастар қанатымен 6 бағыттан тұратын «Жастарға жұмыс» жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда республика бойынша барлығы 3458 ұйым жәрмеңкеге қатысып, 5461 адам жұмысқа орналасуға жолданды, сонымен қатар 18 640 адам мемлекеттік бағдарламалар мен қолдаулар бойынша кеңес алды. Ағымдағы жылдың 10-15 шілде аралығында 20 аймақта 15 мың жастың қатысуымен бос жұмыс орындары жәрменкелерінің кезекті легін өткізу жоспарлан отыр.