Шымкент қаласы «АMANAT» партиясы жанындағы «Жастарды қолдау» кеңесі және Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильді орталығының ұйымдастымен «ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС» партиялық жобасы аясында жастарға арналған жылжымалы қоғамдық қабылдау пункті өтті.
Аталмыш шараға Шымкент қаласы бойынша 50-ден аса жұмыс беру мекемелері қатысып, 1000-ға жуық бос орындармен жастарды қамтыды. «Осында және қазір» форматындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі арқылы ұзақ күтусіз немесе іріктеусіз тікелей жұмысқа орналасу мүмкіндік береді.
Мақсаты – жастарды толғандыратын өзекті мәселелерді анықтап, оларды бірлесе шеше отырып, алаңдатқан сұрақтарына жауап беру. Тұрғын үй, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау мәселелері бойынша да тегін консультативті кеңестер беріп, жұмысқа орналастыру басты назарға алынған.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Б.Нарымбетов, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшының міндетін атқарушы Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Айтбаев Ерлан Садырбайұлы, Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильді орталығы директор Әсет Шағдат Әсетұлы, Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильді орталығы директорның орынбасары Ж.Балтабаева, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары Б.Абишев және А.Дубинина қатысты.
Жәрмеңке қонақтары X Factor жеңімпазы Астана Қарғабай және Шымкент қаласы әншісі Нұрасыл Сатыпалды кешкі көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін 1,5 миллионнан астам жасты жұмыспен қамту міндеті қарастырылған.
Осы орайда, «Жастар Рухы» Жастар қанатымен 6 бағыттан тұратын «Жастарға жұмыс» жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда республика бойынша барлығы 3458 ұйым жәрмеңкеге қатысып, 5461 адам жұмысқа орналасуға жолданды, сонымен қатар 18 640 адам мемлекеттік бағдарламалар мен қолдаулар бойынша кеңес алды. Ағымдағы жылдың 10-15 шілде аралығында 20 аймақта 15 мың жастың қатысуымен бос жұмыс орындары жәрменкелерінің кезекті легін өткізу жоспарлап отыр.